Қорғаныс министрлігі бітімгершілік қызмет бойынша БҰҰ министрлігінің конференциясына қатысты

Қорғаныс министрлігі бітімгершілік қызмет бойынша БҰҰ министрлігінің конференциясына қатысты

Қазақстан Республикасының әскери делегациясы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаровтың басшылық етуімен 2017 жылғы 14-16 қарашада Ванкувер қаласында (Канада) өткен бітімгершілік қызмет бойынша БҰҰ министрлігінің конференциясына қатысты.

Конференцияның жұмысына БҰҰ мүше мемлекеттері мен халықаралық ұйымдардың 80-нен аса ресми делегациясы, сондай-ақ Канаданың Премьер-Министрі Джастин Трюдо мен босқындар жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссарының арнайы өкілі Анджелина Джоли. Өзінің сөз сөйлеуінде Қорғаныс министрінің орынбасары 2018 жылғы қаңтарда БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде Қазақстанның алдағы төрағалық етуі мәнмәтінінде бітімгершілік миссияларға бірлесіп қатысуды пысықтау жөнінде БҰҰ мүше мемлекеттері әскери ведомстволарының өазар іс-қимылы мәселелерін атап өтті.
«Аталмыш жұмыс Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевпен «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесті мен БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне саяси үндеуінде белгіленген бастамаларды тиімді ілгерілетуге бағытталған», - деді генерал-лейтенант Т. Мұхтаров. Іс-шара аясында қазақстандық әскери делегация Канаданың Қорғаныс министрі Харджит Саджанмен және оның бірінші орынбасары Джоди Томаспен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Канада арасында әскери ынтымақтастықты дамытудың болашақ бағыттарын талқылады. Қабылдап алушы тарап бітімгершілік аясында Қазақстан Республикасы қызметінің жандануын, сондай-ақ халықаралық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты жылы қабылдады.
Сондай-ақ бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықты талқылау және қорғаныс саласындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мақсатында Ұлыбритания, Ирландия, Испания, Италия, Малайзия, АҚШ, Жапония әскери делегацияларының басшыларымен, сондай-ақ операциялар мен бейбітшілікті қолдау жөніндегі БҰҰ-ның Бас хатшысы Жан-Пьер Лакруамен бірқатар кездесулер өткізді.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП