Қорғаныс министрі дайындық барысымен танысты

«Іле» полигонына бару барысында әскери ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаевқа екінші құрама бітімгершілік рота әскери қызметшілерінің дайындық деңгейлері мен жауынгерлік мүмкіндіктерін паш етті.

Сапар барысында Қорғаныс министрі бітімгершілік рота жабдықталған оқу-материалдық база мен әскери техниканы қарап шықты. Қазіргі уақытта Ливан Республикасында бітімгершілік миссияны орындау үшін 120 адам санындағы әскери қызметшіден құралған екінші бітімгершілік ротаның қарқынды дайындығы өтіп жатқанын айта кетейік. Сабақтарды бітімгершілік қызметте тәжірибелері бар бітімгершілік дайындық бойынша мамандар, офицерлер мен сержанттар өткізуде. Сабақтардың теориялық бөлімі БҰҰ-ның жалпы ережелері мен құрылымын, Ливандағы бітімгершілік миссияның ерекшеліктерін зерделеуді қамтиды. Іс жүзінде бітімгершілер блок бекеттерде, бақылау-өткізу пункттерінде қызметтің ұйымдастырылу машықтарын жетілдіруде, патрульдеуді жүзеге асыруда. «Бүгінде қызметтестеріңіз Ливан Республикасында бітімгершілік миссияларын лайықты түрде орындауда. Бұл мемлекеттік маңызды іс. Себебі, әлем қоғамдастығы алдында Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерді орындауы болып табылады. Бітімгершілік миссияға қатыса отырып, Сіздер халықаралық аренада  Қазақстан Республикасының намысын қорғайтыңдарыңызды естен шығармаңыздар.  Алған білімдеріңіз бен жауынгерлік машықтарыңыз әртүрлі стандарттық емес жағдайларда блок бекетке жасалған шабуылға тойтарыс беру кезінде әрекет етуге мүмкіндік береді. Миссияда болған кезде барлық заңдарды, қағидалар мен нұсқаулықтарды, жеке қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, табанды, батыл, тәртіпті жауынгер болыңыздар.  Қазіргі уақытта Қорғаныс министрлігі олардың таңсық физикалық-географиялық жағдайларда күрделі әскери-саяси жағдай орын алған аудандарда қызмет өткеруде пайдалы практикалық тәжірибе жинақтаулары мақсатында Қазақстан әскери қызметшілерінің  шетелдегі бітімгершілік миссияларға қатысуларын кеңейту жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. Осыған орай, «Іле» полигонында бітімгершілік дайындықтан өткен Қазақстан Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің санын ұлғайту жоспарлануда. Әскери міндеттеріңізді жоғары деңгейде орындап, Отанымызға абыроймен, аман-есен оралуларыңызды тілеймін. Жауынгерлік табыс серік болсын», - деді Қорғаныс министрі бітімгерші әскери қызметшілермен кездесу барысында. Сондай-ақ сапар барысында Алматы гарнизондарының әскери бөлімдері тексерілді.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"