Қазақстандық армияның кәсіпқойлығына жоғары баға берілді

Қазақстандық армияның кәсіпқойлығына жоғары баға берілді

Екі жарым ай бойы Қазақстан Қарулы Күштерінің бітімгершілік ротасы Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері құрамында БҰҰ-ның мандатына сәйкес бітімгершілік қызмет бойынша міндеттерді сәтті орындауда.

2018 жылдың қазанында қазақстандық бітімгершілік полкі құрама бітімгершілік ротасының 120 әскери қызметшісі «Индбат» үнді батальоны құрамында «Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері» миссиясына қатысу үшін Ливан Республикасына жіберілді. БҰҰ-ның мандатына сәйкес қазақстандық бітімгершілік бөлімше Ливанда жергілікті жерді патрульдеу, бақылау бекеттерін ұйымдастыру, атыстың тоқатылуының сақталуын бақылау жөніндегі функцияларды орындайды, сондай-ақ миссия штабы өткізетін барлық іс-шараларға, оның ішінде, азаматтық халыққа көмек көрсету, әскери-азаматтық қарым-қатынасты нығайтуға қатысады. Қазіргі уақытта Іле полигонында құрылған екінші рота бітімгершілік дайындықтан өтіп жатқанын айта кету қажет. Сабақтарды бітімгершілік қызметте тәжірибелері бар бітімгершілік дайындық бойынша мамандар, офицерлер мен сержанттар өткізуде.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи