Қазақстандық армияның барлау бөлімшелері – жеңімпаз

Қарағанды гарнизонына қарасты «Спасск» оқу-жаттығу орталығында ІХ халықаралық «Алтын үкі – 2017» сайысы өз мәресіне жетті. Арнайы мақсаттағы үздік топтың сайысында негізгі күш-жігер түнгі жағдайлардағы іс-қимылдарға жұмсалды.

Арнайы мақсаттағы жауынгерлер 10 кезеңнен өтті. Соның барысында барлау бөлімшелері командирлерінің жұмысы, әскери қызметшілердің оқ ату және далалық машық деңгейі, жауынгерлікке жақындатылған күрделі жағдайларда тапсырмаларды пысықтау әзірлігі айқындалды. «Бес күн бойы ұйқымыз қанбай, іле-шала болып, физикалық тұрғыда ауыр жаттығуларды орындадық. Біз өзімізді, психологиялық және физикалық төзімділігімізді қайтадан тексердік. Ең бастысы, аталған сайыстың арқасында баға жетпес тәжірибежинақтауымыз болды», - деп Пәкістан Ислам Республикасы командасының командирі майор С. Камран атап өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы мақсаттағы жауынгерлері жеңімпаз деп танылды. Екінші орынға Беларусь Республикасының әскери қызметшілері жайғасса, Ресей Федерациясының өкілдері үшінші орынға тұрақтады. Әзірбайжаннан келген бақылаушылардың пікірінше, «өткен сайыстар арнайы мақсаттағы бөлімшелерді дайындаудың заманауи талаптарына сай келеді. Бүгінде барлық деңгейлерде қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге барабар ден қою аса маңызды. Сондықтан сайыс қалай ұйымдастырылып, жоспарланды деген сауалға ҚР ҚМ арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің даярлығы бүгінгі күннің талаптарына жауап береді деп ауыз толтырып айтуға болады». Жарыс қорытындысы бойынша «Үздік мерген», «Үздік қопарушы», «Тапаншадан оқ атудан үздік атқыш» және «Автоматтан оқ атудан үздік атқыш» аталымдарында Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үздік деп танылса, «Оқшашардан оқ атудан үздік атқыш» атағын Беларусь Республикасы Қарулы Күштерінің өкілі жеңіп алды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"