Қазақстандық армияның әскери қызметшілері бітімгерлік операцияларда итальяндықтардың тәжірибесін зерделеуде

2017 жылға арналған Қазақстан мен Италия қорғаныс ведомстволарының әскери ынтымақтастығының жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің тыңдаушылары алдында ҚР-дағы Италияның әскери атташесі полковник Андреа Натале «Бітімгершілік операциялардағы итальяндық тәжірибе» тақырыбында дәріс оқыды.

Дәрісте әлемдегі ағымдағы әскери-саяси жағдай, оның әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ықпал етуі мазмұндалды, бітімгершілік операцияларды өткізудің негізгі мазмұны және Италия Қарулы Күштерінің даму бағытының ағымдағы жай-күйі ұсынылды.

«Қазіргі уақытта бітімгершілік операциялар атысты тоқтату режімін айқындау және сақтау және жауласушы тараптар арасында буферлік аймақты құру үшін бейтараптық үшінші тараптың рөлін атқарады. Бітімгершілік операцияларды өткізудегі Италияның тәжірибесі айқын көрсеткіш болып табылады және бүкіл әлемде дағдарысты реттеуде тиімділіктің жоғары деңгейіне ие», - деп дәріс аяқталған соң әскери-мемлекеттік басқару кафедрасының бастығы полковник Ғани Лесов атап өтті.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"