Қазақстанда қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасты

алдықорғанда әскери ведомство басшысы генерал-майор Н. Ермекбаев тікұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсіміне қатысты.

Қорғаныс министрі қаза болған ефрейтор Айдын Әбділдинов пен ефрейтор Мирас Жұматаевтың жаназасына қатысты. Туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айтып, олардың әрқайсысы өздерінің әскери борыштарын адал орындағандарын, әскери істің нағыз кәсіпқойлары болғандарын атап өтті. Митингке Қарулы Күштердің басшылық құрамы мен генералитеті, Алматы облысының әкімі А. Баталов, әскери бөлімдер мен мекемелердің командирлері қатысты.    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев, ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың тапсырмаларын орындау үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес Қазақстанның Қарулы Күштері барлық әлеуметтік кепілдемелерді қамтамасыз етеді және қаза болған әскери қызметшілердің туысқандары мен жақындарына қажетті психологиялық, материалдық және заң бойынша барлық тиесілі әлеуметтік кепілдемелер мен төлемдердің іске асырылуына көмек көрсетеді. Әскери ведомство басшысы қолдау білдіру бір реттік көмекпен шектелмейтінін атап өтті. Ол гарнизондардың бастықтарына қаза болғандардың отбасыларына шефтілікті ұйымдастыруды, оның ішінде, олардың балаларына тәрбие беруге, білім алуға, жұмысқа орналастыруға және жан-жақты демеу болуға белсене атсалысуды тапсырды. Қаза болған әскери қызметшілер өздерінің әскери борыштарын абыроймен және ақтық демдері біткенше орындағандарын ескере отырып, олар мемлекеттік наградаларға ұсынылады. Дәл осы күні әскери қызметшілерді жерлеуге Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штабының бастығы генерал-лейтенант М. Майкеев, Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор М. Алтынбаев, Бас штабы бастығының орынбасарлары генерал-майор  А. Алдабергенов, вице-адмирал Ж. Жанзақов, генерал-майор М. Таласов, Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Н. Кәрбенов, Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Д. Қосанов қатысты. 



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"