Қазақстанда «Мызғымас бауырластық-2017» оқу-жаттығуын өткізу мәселелері бойынша штабтық келіссөздер өткізілді

Алматы қаласындағы 61993 әскери бөлімінің базасында ҰҚШҰ-ның бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық – 2017» бірлескен оқу-жаттығуына дайындалу және оны өткізу мәселелері жөнінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы қорғаныс министрліктері, мүдделі министрліктер мен мүше мемлекеттер ведомстволары, Біріккен штаб пен Шарт Ұйымы Хатшылығы өкілдерінің екінші штабтық келіссөздері өткізілді.

Екінші штабтық келіссөздер барысында оқу-жаттығуды өткізу ниеті мен тәртібі, оқу-жаттығу басшылығы аппараты мен делдалдардың, ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің Біріккен қолбасшылығы, оқу-жаттығуға тартылатын ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері бітімгершілік контингенттері бөлімшелерінің құрамдары, олардың оқу-жаттығу ауданына келу (кету) мерзімі, Қызыл Крест халықаралық комитетімен өзара іс-қимыл жасау және оның оқу-жаттығуға қатысуы, бейбітшілікті ұстап тұру жөніндегі операциялар барысында халықаралық ізгілік құқық нормаларын қолдану мәселелері қарастырылып, келісілді.

Одан басқа, оқу-жаттығу ауданын («Іле» полигоны) алдын ала барлау жүргізілді. Онда далалық жағдайларда басшылық пен оқып-үйренушілерді, басқару пункттерінің жабдығын, қару-жарақты, әскери және арнайы техниканы, оқ-дәрілерді орналастыру мәселелері, сондай-ақ ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері контингенттерінің практикалық іс-қимылдарын ойнату тәртібі қарастырылды.

ҰҚШҰ мүше мемлекеттері бітімгершілік күштерінің «Мызғымас бауырластық» оқу-жаттығуы 2017 жылғы қазанның 16-ы мен 20-ы аралығында өтеді. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"