Қазақстанда ауқымды Жауынгерлік парад өтті

7 мамырда «Отар» 40-шы әскери базасында Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қатысуымен Отан қорғаушы күніне арналған Жауынгерлік парад өтті.

Жауынгерлік парад –бұл әскери парадтың жауынгерлік оқу-жаттығулар және жауынгерлік даярлық элементтерімен үйлесуі. Бұл қазақстандық армияның кәсіби ептілігін, жинақылығы мен есептоптардың әскери мүмкіндіктерін тәжірибеде көрсетуі. Жауынгерлік парадқа 3 мыңға жуық әскери қызметші, 300 бірлік қару-жарақ пен әскери техника және 40 бірлік ұшу аппараты қатысқан болатын. Жауынгерлік парад екі бөлімнен тұрды. Бірінші бөлімде аймақтық қорғаныс бригадалары Астана мен Алматы қалаларының, облыстардың әкімдеріне жауынгерлік туды табыс етті. Туды табыс ету рәсімінен кейін дәстүр бойынша қонақтар мен көрермендер парадтың салтанатты шеруін, оның ішінде ҚР ҚК Арнайы операциялар күштерінің, Мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР ҚК ІІМ Ұлттық гвардияның, сондай-ақ аймақтық қорғаныс әскери қызметшілерінің, парадтың 19 жаяу есептобының шеруін тамашалайды. Парадтың екінші бөлімінде заманауи қару-жарақ пен әскери техниканы ұрыста қолдана отырып, барлау-әскери бөлімшелерінің шынайы тактикалық іс-қимылы көрсетілді. Жауынгерлік парадтың соңында ұшқыштар тобы «Жетісу барысы» жоғары пилотажды орындады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев парадқа қатысушыларға далалық жағдайда көрсеткен шеберлігі, атыс пен әскери ептіліктегі дәлдігі үшін алғысын білдірді. Қазақстан Республикасының азаматтары қазақстандық армияның жауынгерлік қуатын, әскери қызметшілердің кәсіби жұмысы мен бөлімшелердің түрлі іс-қимылдағы жинақылығын  республикалық телеарналар мен ҚР Қорғаныс министрлігінің ресми сайтының тікелей эфир арқылы тамашалай алды. Өткен парад Қазақстан армиясының жауынгерлік қабілетін паш етті.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"