Қазақстан оқу-жаттығуларды жоспарлау бойынша келіссөздерге қатысты

Мәскеуде ҚР Қорғаныс министрлігінің делегациясы Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт Ұйымы шеңберінде бірлескен оқу-жаттығуларды жоспарлау бойынша келіссөздерге қатысты.

Іс-шара барысында 2019 жылға арналған бірлескен дайындық жоспарының жобалары және 2025 жылға дейінгі бірлескен дайындық іс-шараларының тізбесі қаралып, сондай-ақ «Жауынгерлік бауырластық-2018» бірлескен жедел-стратегиялық оқу-жаттығуы шеңберінде оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мәселелер талқыланды. 2018 жылға арналған бекітілген жоспарларға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттері Қарулы Күштерінің «Іздестіру-2018» барлау күштері мен құралдарының арнайы оқу-жаттығуы өтеді. Ағымдағы жылы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштері мен құралдарының басқару және құралым органдарының жедел және жауынгерлік даярлығы шеңберінде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери контингенті Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның аумақтарында өтетін Ұжымдық жедел ден қою күштері, Ұжымдық бітімгершілік күштері мен ҰҚШҰ ұжымдық авиациялық күштерінің оқу-жаттығуларына қатысатынын айта кету қажет.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"