Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров пен Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ким Дэсиктің кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты әскери ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы өзара іс-қимылдың басым бағыттарын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Корея Республикасының Елшісі Ким Дэсик қазақстандық әскери қызметшілерді оқыту үшін Корея тарапынан қосымша квоталар бөлу жөніндегі мәселелердің қарастырылатыны туралы хабарлап, екі жақты әскери байланыстарды одан әрі тереңдетуге даяр екендіктерін жеткізді.