ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының әскери атташесі полковник Дэвид Уайзманмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында екі елдің қорғаныс ведомстволары арасында ағымдағы және перспективалық мәселелер талқыланды. Генерал-лейтенант Мұрат Майкеев ҚР Қарулы Күштерінің бітімгершілік әлеуетін нығайту жөніндегі бірлескен жұмысты атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар әскери ынтымақтастықтың бес жылдық жоспары шеңберінде екіжақты қарым-қатынасты дамыту мүдделілігін растады.