«Қазақстан инжиниринг» көрменің көркін қыздырады

Қазір 2010 жылдан бері «KADEX» қару-жарақ және әскери-техни¬ка-лық мүліктердің халықаралық көрмесіне бастан-аяқ қатысушысы «Қазақстан инжиниринг» АҚ ұлттық компаниясын білмейтіндер кемде-кем.

Өйткені ол – аталмыш көрмеде әскери мақсаттағы өнімдерімізді ұсынатын бірден-бір компания. Оның  «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС кәсіпорны, «Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС, «Семей инжиниринг» АҚ және тағы басқа бірнеше еншілес басқа кәсіпорындары «KADEХ» көрмесінде өз өнімдерін ұсынбақ.

Сонын ішінде «Семей инжиниринг» АҚ жетілдірілген броньды техникалардың жаңа үлгісін, атап айтқанда, броньдалған жөндеу көшіру транспорттық көлігі (БРЭТМ) мен конверсиялық дөңгелекті техниканы көрсетуді жоспарлап отыр.
 Броньды жөндеу машинасы – далалық жағдайларда техникалық қызмет көрсетуге және броньды транспортерлерді жөндеуге, шынжырлы және дөңгелекті техникаларды тіркеуге алуға, түрлі жүктер мен запастағы материалдық-техникалық заттарды тасымалдауға, сондай-ақ жеке құрамды көшіруге арналған көлік.
Конверсиялық дөңгелекті техника зауытта БТР базасында әзірленді. Бұл техниканың жүру қабілеті жоғары, сондай-ақ күрделі жол жағдайлары мен жолсызда, стихиялық апаттар салдарынан зардап шеккендерді тасымалдау мақсатында қызмет көрсетеді. Оның артықшылығы жайлылығы мен құрылым жүйесінің сенімділігінде.
Сонымен қатар, кәсіпорын израильдік «Элбит Системс» компаниясының оқ атуды басқару құрылымымен Т-72А және ресейлік «Ф.Э. Дзержинский атындағы «Уралвагонзавод» ғылыми-өндірістік корпорациясы» АҚ-ның «Сосна-У» оқ атуды басқару құрылымымен Т-72Б  жетілдірілген танкілерін көрсетеді.
 Оларды жетілдірудің мақсаты қазіргі заманғы оқ атуды басқару құрылымын орнату есебінен ату қуатының тактикалық-техникалық және пайдалану сипатын арттыру, ептілік сапасын, қорғануды және командалық басқаруды күшейту болып табылады.
 Бұдан өзге қатысатын тағы бір кәсіпорын – «Тыныс» акционерлік қоғамы. Ол  2012 жылдан бері ҚР Қорғаныс министрлігі, сондай-ақ, әлеуетті құрылымдарды өзінің меншікті өндірісіндегі арнайы әскери керек-жарақпен, оның ішінде сауытты кеудешелер мен танкті шлемофондармен қамтамасыз етіп келеді. Биылғы жылдан бастап танк шлемофондарын дайындау ретке келтірілді. Бүгінгі таңда зауыт еліміздегі осы жеке қорғаныс құралдарын шығарумен айналысатын бірден-бір өндіруші болып табылады. 
Көрмеде кәсіпорын осы өнімдерін ұсынуды жөн көріп отыр.   

Ал, «ҚИ 811-автожөндеу зауыты» АҚ халықаралық «KADEX-2016» қару-жарақ пен әскери техника көрмесінде жаңғыртылған әскери техниканы, оның ішінде, понтонды-көпірлік парк жүйесінің өзендік буыны мен КамАЗ-63502 автомобильдерінің базасындағы ауыр механикаландырылған көпірді ұсынады.
 Понтонды-көпірлік парк су кедергілері арқылы көпірлік және паромдық өткелдерді жабдықтау үшін арналған.
 Бұл зауыт – автомобильді және шынжыртабанды техниканы күрделі жөндеумен, әскери техниканы жаңғыртумен, шынжыртабанды трактарға асфальт жүрісті тежегіш тоспаларды өндірумен, өрт сөндірушілердің автоцистерналарын күрделі жөндеу және жаңартумен айналысатын  «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны. Оның әскери техникаға қызмет көрсету мен жөндеу саласында көп жылдық тәжірибесі, көпбейінді өндірістік базасы әрі жоғары білікті мамандары бар.

Тағы бір өнімін жоспарлап отырған кәсіпорын – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамы. Ол аталмыш көрмеде  заманауи әзірлемелерін, оның ішінде «Ұлан» техникалық күзет құралдарының жүйесін ұсынады. Жүйе 2 000 м. дейінгі өлшемдегі әскери бөлімдердің объектілерін, қойма аумақтары мен өзге де мамандандырылған құрылыстарды жабдықтау үшін арналған.
Кешен нысанды ішкі телефонлық байланыспен, күзет жүйесімен, бейнебақылаумен, адамдардың немесе жүктердің алмасуын қадағалау жүйесімен, дауыстық пәрмендерді немесе арнайы дабыл белгілерін беру үшін бақылау қолжетімділігі және дыбыс зорайтқыш байланыспен қамтамасыз етеді. Ағымдағы жылы «Ұлан» жүйесі әскери пайдаланудан өтеді деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, «KADEX-2016» көрмесінде зауыт «Кең спектр» дүркін атыстың заманауи зымыран жүйесінің сұлбасын да көрсетпек.  Ол 10-нан 150 шақырымға дейінгі қашықтықта нүктелі және алаңдық нысаналарды, қарсыластың жанды күші мен атыс құралдарының жойылуы мен басылуын қамтамасыз етеді. Кешен атысты автоматтандырылған басқару жүйесімен, спутниктікті қоса алғанда, сандық, навигация және топобайлау байланыс құралдарымен жабдықталған.
«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ – «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны мұнай газ, мұнай химиялық, энергетикалық және теміржол жабдығы, арнайы мақсаттағы өнімнің жетекші қазақстандық өндірушісі болып табылады.
 Бүгінгі таңда кәсіпорында көпбейінді өндірістік және сынамалы база, дамыған аспаптық өндіріс бар, білікті кадрлар жұмыс істейді.  Бұл тұтынушылардың талаптарына жедел ден қоя отырып, дайындалатын бұйымдардың номенклатурасын ұдайы кеңейтіп тұруға мүмкіндік береді.

Тізбектей берсек, өз өнімдерімізді паш етер іргелі компанияның кәсіпорындары жетерлік. Бұл – олардың бірді-екілісі.

Алдында айтып өткеніміздей, «Қазақстан инджиниринг» АҚ «KADEХ-2016» халықаралық қару-жарақтар көрмесінде тікұшақтар, ұшу тренажерлері, электрондық-оптикалық аспаптар, көзтартарлық үлгі ЕС-145 ұшу тренажеры, авиониканы, броньды техниканы жаңғырту сияқты перспективалық жобаларды және тағы басқа өнімдерді ұсынуды жоспарлап отыр. Өйткені, біраздан бері әскери аренада тәжірибе жинақтаған олардың биыл да бірнеше елмен келісімге келіп, мәмілеге қол жеткіземіз деген ниеттері жоқ емес.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш көрмеге қатысып, әлемдік жетекші мамандармен ортақ мәмілеге келіп, шарт жасасқан «Қазинжиниринг» АҚ алғашқы көрмеден-ақ 156 компаниямен ұзақмерзімді құжатқа қол қойып, кейін оның қатарын ұлғайтқан еді. 

 

Врезкаға:

Броньды жөндеу машинасы – далалық жағдайларда техникалық қызмет көрсетуге және броньды транспортерлерді жөндеуге, шынжырлы және дөңгелекті техникаларды тіркеуге алуға, түрлі жүктер мен запастағы материалдық-техникалық заттарды тасымалдауға, сондай-ақ жеке құрамды көшіруге арналған көлік.

«Тыныс» АҚ – автомобильді және шынжыртабанды техниканы күрделі жөндеумен, әскери техниканы жаңғыртумен, шынжыртабанды трактарға асфальт жүрісті тежегіш тоспаларды өндірумен, өрт сөндірушілердің автоцистерналарын күрделі жөндеу және жаңартумен айналысатын кәсіпорын.

 

«Қазақстан инджиниринг» АҚ «KADEХ-2016» халықаралық қару-жарақтар көрмесінде тікұшақтар, ұшу тренажерлері, электрондық-оптикалық аспаптар, көзтартарлық үлгі ЕС-145 ұшу тренажеры, авиониканы, броньды техниканы жаңғырту сияқты перспективалық жобаларды және тағы басқа өнімдерді ұсынуды жоспарлап отыр.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"