"Қазақстан ГАЖ орталығы" АҚ "KADEX" көрмесінің оңтайлы ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді

"KADEX" халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесі кеше ғана Астана жұртшылығы мен шетелдік қонақтарға есігін айқара ашты екі жылда бір рет, төртінші мәрте өтіп отырған байрақты шараның маңыздылығы жылдан-жылға артып келе жатқанын мамандар айтады. Бұл көрме тек ел қорғанысына ғана емес, мемлекет қазынасына да үлкен септігін тигізетін көрінеді. Шараға елімізден де көптеген компаниялар атсалысуда. Мәселен, "Қазақстан ГАЖ орталығы" АҚ көрменің оңтайлы ұйымдастырылуына, қонақтардың еркіндігі мен ыңғайлылығына бағытталған шаруалардың денін жауапкершіліктеріне алған.

Қатысушылар қатары арта түскен

Биылғы "KADEX" халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі төртінші мәрте ұйымдастырылып отырғанын айттық. Осы уақыт аралығында байрақты шара бірқатар елдердің әскери мақсаттағы өнімдер шығаратын қорғаныс ведомстволарын, жетекші өндірушілері компанияларын қызықтырып үлгеріп, абырой мен құрметке ие болды. Көрменің беделі мен көрсететін іс-шаралары жылдан-жылға ұлғайып, қатысушылардың, соның ішінде отандық өндірушілердің алаңдары, қару-жарақ пен әскери техникалық мүлік сомалары, қол қойылған ынтымақтастық туралы келісімдер саны арта түскенін де айтуымыз керек. Биылғы көрмеге қатысуға ниет білдірген 350-ден астам компания әлемнің 44 елінен Қазақстан астанасына ат басын тіреді. Олардың 120-дан астамы – отандық өндірушілер. Бұл сандардан көрменің маңыздылығы мен беделінің айқын көрінісін байқаймыз.

Шараның маңызын арттырып, дамыту үшін Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсіптік кешені жүргізіп жатқан жұмыстарға әсте күмән келтіруге болмайды. Өйткені, көрме жаңа технологияларды алмастырып, жаңғыртып, қазақстандық қорғаныс-өнеркәсіптік кешенінің дамуына серпін береді, өзіміздің дүниелерімізді өзгелерге паш етіп, өзгенің озық туындыларын өзімізде қолдануға бірден-бір мүмкіндік тудырды.

 

Толайым жаңалықтарға толы

"KADEX" көрмесі ашылған сәттен бастап күтілетін жаңалықтар мен оқиғалар қорғаныс саласының ғана емес, бүкіл елімізге, тіпті, бірқатар жаңа және тұрақты қатысушы мемлекеттерге пайдалы болып табылады. Өйткені, бұл көрме елдің игілігін, қоғамның дамуын, қорғанысымызды күшейте түсуді көздейді. Көрмені ұйымдастырушылардың басты мақсаттары оны жан-жақты және тартымды етіп ұйымдастыру. Бұл барлық қонақтар мен қатысушылардың техникалық жарақтандырылуында маңызды рөл атқарады. Және осы үде мен мүддеден шығып та жатыр. Бұл бағыттағы «Қазақстан ГАЖ орталығы "АҚ-ның да ұстанымдары осындай. «Біз қазіргі төртінші мәрте өтіп отырған "KADEX" көрмесіне қойылатын көптеген технологиялық жаңалықтарды, сондай-ақ компаниялар ұсынған ақпараттарды, қару-жарақ түрлерін және көрме аумағындағы өзге де дүниелерді қарапайым навигациялармен қамтамасыз етеміз. Көрменің барлық күндерінде бейнероликтер, презентациялар мен демонстрациялар жабдықтар мен жүйелеріміз арқылы көрсетілетін болады» дейді орталық президенті Әйгерім Стамбекова.

"Қазақстан ГАЖ орталығы" АҚ көрмедегі екінші павильонда орналасқан 233-нөмірде жеке стендтерін ұсынады. Олардың қатарында бірқатар өнімдері, мәселен, SAS талдамалық жүйесі - мониторинг технологиясы, БАҚ және әлеуметтік желілер бар. «Бұлардың көмегімен мониторинг арқылы ақпараттық кеңістіктіктегі ақпараттық шабуылдарды анықтауға, жасанды ақпаратты қалыптастыруы тиіс қоғамдық пікірлерді білуге, басылымдар мен аудиторияға ақпараттық толқындар жөнелтуге, басқа да осы секілді нәрселерді жасауға болады» дейді орталық мамандары..

Расында, өнімдер ұсынылған стендте қызықты жүйелер мен жабдықтар аз емес. Айталық, адамның бейнесін нақты уақыт режимінде сақтап, танып, оны салыстырып, мәліметтерді оңтайлы табу үшін эталондық суреттерді қолда бар деректер базасына автоматты түрде бөлетін құрылғы бар. Сонымен қатар, "Мобильді полиция және жаңа әскери куәліктер" автоматтандырылған қызметі патрульдік әскери полиция бөлімінде құқық бұзушылықтармен тіркелген істі мобильдік қосымша арқылы оқуға, құқық бұзушының дербес деректер карточкасын (жаңа куәлік) қарауға және деректерді енгізуге, жалпы құқық бұзушылықтың базасына әскери полицияның кіруіне мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған бұл өнімдерден басқа бірқатар дүниелерді: геоақпараттық жүйелерді, ғарыштық суреттерді және т.б. ұсынылуда.

 

"KADEX-2016" қосымшасы кәдеге жарап тұр

Навигацияға көрме аумағында орнатылған 14 интерактивті стендтер, оның  ішінде 10 павильон қамтылған екен. Олар 46 диагональ болатын мультитач сенсорлық экранды компьютер кешенімен бақыланады. Бұл кез келген уақытта дисплей арқылы қалаған жеріңізге бағыт алуға, интерактивті картаның орналасуымен танысуға, көрме нысандарын, компаниялар мен секторларды анықтауға мүмкіндік береді. Яғни, көрме қатысушылары мен қонақтарының игілігіне жарап тұр. Сондай-ақ көрме аумағында экрандар жүйесімен, дыбыстық сүйемелдеумен, басқару жүйесімен, бейнедабылдармен жабдықталған 6.40х3,80 м үш жарық диодты экран өлшеміндей LAYHER кешенді конструкциясы орналасқан. Ондағы технологиялық "фишкалар" арқылы көрмедегі дыбыстық ресімдеу павильондары мен ашық экспозицияларды, диагоналі 50 болатын LED дисплейден баспасөз орталығын және штабтың көрмелерін, сенсорлық панель астындағы күнделікті штаб көрмелерін, сондай-ақ 3х3 м өлшемді дисплейден баспасөз орталығын көруге болады. Бұл ақпарат алушылардың мүддесіне қызымет етіп тұр.

Техникалық жарақтандырылған көрме тұрақты байланыспен және жоғары жылдамдықты интернетпен жіті жабдықталған. Көрменің барлық аумағында интернетке қосылған Wi-Fi нүктелері ашылған. Жалпы деректерді беру жылдамдығы – 600 Мб/с. Сондай-ақ GSM дабыл өткізу қабілетін арттыру тұрақты жабдықталған және 25 мың келушіге арналған қосымша ұялы станциялар орнатылған. Мұның бәрі шара аумағындағы адамдардың, қонақтар мен келушілердің қолданысында. Ал "KADEX-2016" мобилдік қосымшасы шарадан бұрын да қол жетімді болатын. «AppStore» және «GooglePlay» бағдарламаларынан жүктеп алуға әбден болады. Онда тек соңғы жаңалықтар ғана қамтылмайды, көрмеге ұсынылған өнімдер мен қатысушылардың толық тізімі, экспонаттардың сипаттамасы, тарихы және қызмет ұсынушының көрнекі суреттері мен техникалық сипаттамалары бар. «Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін өнімнің түрлерін және қару-жарақ пен оларды өндірушілерді мобильдік қосымшада жіктеп, саралап көрсеттік. Қосымшада сондай-ақ көрмені өткізу бағдарламасы, "KADEX-2016" мен жүйесінің қарапайым навигаторы, көрменің кез келген нүктесіне қысқа жол арқылы алып баратын картасы қамтылған. Мұнда қонақтар мен қатысушылар алдын-ала ойлағандарына орай өз бағыттарын және қызықтырған техникаларын тез таба алады. Мобильдік қосымша «Wi-Fi Kadex» интернет желісіне қосылған кезде автоматты түрде жүктеледі» дейді орталық президенті Әйгерім Қуандыққызы.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"