Қазақ жауынгерлерінің намысын қайраған рухты ән

Сонымен, қазақ қоғамында «Жауынгерлік парад өтеді екен» деген әңгіме қылаң берген кезден бастап-ақ елдің ерекше ықыласын жаулаған «Мен қазақпын» деген рухты әнді аталмыш ауқымды шара кезінде жалынды жауынгерлеріміз шарықтата шырқады. Шынында да бұл әуен ырғағы жағынан да, сөзі жағынан да әскерилеріміздің болмысына дөп түскен екен. Сондықтан оқырман назарына аталмыш әннің авторлары мен орындушысының ой-пікірлерін ұсынғанды жөн санадық.

Ел ішінде соңғы 5-6 ай шеңберінде ғана кеңінен шырқала бастаған «Мен қазақпын» әнін талантты жас әнші Қуандық Рахым эстрадалық жанрда орындап жүр. Сөзін ақын Нұржан Өмірбай, ал әнін Жарасхан Төлебай есімді жас композитор жазған. Ән авторы Жарасқан Төлебайдың айтуынша, «Мен қазақпын» әні кейінгі буын өкілдерінің шетел музыкасына еліктеуі өршіп бара жатқан уақытта, елдің рухын оятатын қазақ әні жат елдің даңғазасына тойтарыс болсын деген мақсатта туындаған. «Қазақстан әскері - еліміздің тірегі. Бір мемлекеттің әскері сапта тұрып, «Мен қазақпын» әнін шырқап тұрса, әрине бұл мен үшін зор қуаныш, үлкен жетістік», - деді ол. Ал ән сөзінің авторы Нұржан Өмірбай «Мен қазақпын» әні елге деген махаббаттан туындағанын атап өткен. «Мен қазақпын» өлеңі, ең алдымен, елге деген махаббаттан туған дүние. Онсыз да «Мен қазақпын» деген өлең көп қой. Соның ішінде шоқтығы биігі - Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деп басталатын өлеңі. Менің өлеңім де атамыздың осы өлеңінің шекпенінен шыққан. Бірақ мен бұл жолы «Қазақ болып тумағанда, не етер ем?» деп керісінше қарап көрдім. Егер біз қазақ болып тумасақ, біраз игіліктен, біршама құндылықтан айырылып қалады екенбіз. Толғағы жетіліп тұрған дүние болғандықтан, өлеңнің мәтіні оңай жазылды. Қазір әлеуметтік желіні ашып қалсақ, бір қазақ сүрініп, құлай кетсе, оны алаулатып-жалаулатып жан-жағынан жегідей жеп, ши бөріше талап, жетер жеріне жеткенше атойлап, жан-жаққа жар саламыз. Ал біреу жеңіске, жетістікке жетіп жатса, оның жарнамасы дәл осындай бола қоймайды. Болған жағдайдың өзінде де, одан да бір сын тауып, мін тауып, сүріндіріп жіберуге ұмтылып тұрамыз. Бұл шығармам әлеуметтік желідегі көңілге қаяу салатын кейбір келеңсіздіктерге қарсы күрес ретінде туған өлең болатын», - деді Нұржан Өмірбай.

Ал, «Мен қазақпын» әнінің орындаушысы Қуандық Рахым бұл әнді әскерилердің орындағанын әлеуметтік желіден көріп, бойын қуаныш кернегендігін айтады. «Ең алғаш әлеуметтік желіден көрдім. Естіген кезде, әрине, ерекше бір сезімге бөленіп, бойымды үлкен бір қуаныш билегені рас. Əнші үшін әр ән өз баласындай. Əн халықтың көңілінен шығып, өз орнын тауып жатса, одан артық бақыт бар ма? «Мен қазақпын» әнінің халықтың пайдасына жарағанына қуаныштымын», - деді әнші.

 

Мінекей, айбынды армиямыздың әнұраны іспетті болған айтулы әуеннің авторлары мен орындаушысы осындай әдемі әсерде екен. Бұған Жауынгерлік парадта әскерилер шырқаған кезде алған халықтың шынайы ықыласын қосыңыз.

 

 

МЕН ҚАЗАҚПЫН

 

Қазақ болып тумағанда нетер ем?
Бұл жалғаннан бақыт таппай өтер ем
.
Желдей жүйрік жылқы мінбей жалғанда
,
Аламанда ат оздырмай кетер
ем.

Қазақ болып тумағанда нетер ем
?
Өкінішпен өртенер ем өте мен
.
Қасиетті домбыраны қолға алмай
, 
Қоңыр үнді әуелетпей кетер ем
.

Қайырмасы:
Мен қазақпын
! 
Бойымдағы қан қазақ
.
Мен қазақпын
! 
Мен шырқайтын ән қазақ
.
Бір қазақтың 
Бақыты мен бағына
,
Барша үнімен 
Қуанса екен бар қазақ
.

Мен қазақпын
! 
Түрім қазақ тіл қазақ
.
Мен қазақпын
! 
Мен айтатын жыр қазақ
Сүйеу болсын тіреу болсын
Мың қазақ
,
Сүрінгенде бүлінгенде бір қазақ
.

Қазақ болып тумағанда нетер ем?
Қалай басқа байрақтарды көтерем
.
Жеті бірдей қазынамнан айрылып
,
Жеті атамды жаттай алмай кетер ем
.

Қазақ болып тумағанда нетер ем?
Қонақ жайлық жайын білмей өтер ем
.
Қымыз шұбат қазы-қарта құрт майсыз
,
Қадір қашып қарным ашып өтер ем.

 

Қайырмасы:
Мен қазақпын 
Бойымдағы қан қазақ
Мен қазақпын 
Мен шырқайтын ән қазақ
Бір қазақтың 
Бақыты мен бағына
Барша үнімен 
Қуанса екен бар қазақ

Мен қазақпын 
Түрім қазақ тіл қазақ
Мен қазақпын 
Мен айтатын жыр қазақ
Сүйеу болсын тіреу болсын
Мың қазақ
Сүрінгенде бүлінгенде бір қазақ

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"