Қарулы Күштердің еңбек сіңірген ардагері Ким Серікбаевтың 85 жылдық мерейтойы атап өтілді

Құрлық әскерлерінің Әскери институтында Қарулы Күштердің ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қоғам қайраткері, профессор, әскери ғылымдар докторы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әскери ғылымдар академиясының мүшесі 85 жылдық мерейтойын атап өткен отставкадағы полковник Ким Серікбайұлы Серікбаевты марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шараға ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары  генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров, Қарулы Күштердің ардагерлері, Алматы гарнизоны құрамалары мен әскери бөлімдерінің командирлері, профессорлық-оқытушылар құрамы, әскери оқу орындарының курсанттары мен  тәрбиеленушілері қатысты.  Атаулы күнге орай әскери бөлімдер мен мекемелердің ақпараттық-тәрбие жұмысы бөлмелерінде меретой иесінің өмірі мен қызметіне арналған кітап көрмелері мен фотокөрмелер орнатылды, «Отставкадағы полковник К.С. Серікбаевты үлгі ретінде қазақстандық жауныгердің тұлғасын қалыптастыру» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция өткізілді.  Ким Серікбайұлы Серікбаев Қазақстан армиясының құрылуының негізін қалаған әскери ғылымдардың бірі болып табылады. Армияда 35 жылдан аса қызмет атқарған, взвод командирінен бастап полк командиріне дейін барлық командалық лауазымдардан өткен кадрлық әскеридің ғылыми және оқытушылық мансабы жас әскерилер үшін үлгі болып табылады.  Ким Серікбайұлы ең алдымен Кеңес Одағының маршалы Конев атындағы Алматы жоғары командалық училищесінің тактика кафедрасының бастығы, ал 1975 жыл мен 1988 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы ЦК жанындағы жоғары партиялық мектеп әскери кафедрасының бастығы болды.  Бұл уақыт аралығында мерейтой иесі әскери ғылымға бар күш-жігерін салды. Әскери ғылымды дамытқаны және әскери кадрларды дайындағаны үшін ол «ҚР еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағына ие болды. Мемлекеттік наградалармен, «ІІІ дәрежелі Отанға қызмет еткені үшін» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және басқа да медальдармен марапатталды. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әскери ғылымдар академиясының әрекеттегі мүшесі. Бүгінде профессор К.С. Серікбаев қазақстандық жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру бойынша соғыс және еңбек ардагерлерімен бірлесе белсенді жұмыс жүргізуде.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"