Қарулы Күштеріміздің қуаты артып келеді

ҚР Қорғаныс министрлігінде әскери ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаевтің жетекшілік етуімен «АрХО-2018» халықаралық әскери сайысы мен мергендер жұбының «Алтын үкі – 2018» додасының қорытындысы бойынша кеңес өтті.

Кеңесте өткен жарыстардың қорытындысы шығарылып, кемшіліктер мен қазақстандық командаларды дайындау сапасының талдауы егжей-тегжейлі қаралды, Қорғаныс министрі әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлықтары мен далалық машықтарын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Өткен ойындар әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлық деңгейлері мен кәсіби шеберліктерін арттырудың үздік үлгілерінің бірі болып келеді. Армия халықаралық ойындарына қатысу олардың кәсіби және қызметтік тұрғыда өсулері үшін қосымша жағдайлар жасайтын барлық санаттағы әскери қызметшілердің дайындықтарының маңызды құрамдасы болып табылады.

Армия ойындары – бұл халықаралық әскери ынтымақтастықтың, тәжірибе алмасудың, бейбітшілік пен ниеттестіктің жаңа нышанына айналған халықаралық ауқымдағы бірегей іс-шара екенін айта кеткен жөн. Жыл сайын сайысқа түсу үдерісі ұлғаюда. Армия ойындарының бағдарламасына байқаулардың жаңа түрлері енгізілуде, ойындарды өткізу ауқымы кеңеюде, қатысушы елдердің саны артуда. Төртінші Армия халықаралық ойындарында қазақстандық армияның абыройы мен беделі үшін халықаралық аренада түрлер мен әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың 300-ден аса әскери қызметшісі бақ сынасты. «АрХо-2018» сайысының нәтижелері бойынша қазақстандық әскери қызметшілер Ресей мен Қытайдың құрамасынан ғана жеңіліс тауып, 32 мемлекеттің әскери қызметшілері арасында жалпы командалық үшінші орынды иеленді. Қазақстан құрамасының қоржынында 4 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль. Мергендер жұбының «Алтын үкі» халықаралық сайысында Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері жеке және командалық есепте 12 мемлекеттің әскери қызметшілері арасында үздік нәтижелер көрсетіп, бірінші орынды еншіледі. Өткен сайыстар «Алтын үкі – 2018» сайысының өткізілуі тарихында ең ауқымды болып табылады. Аталмыш халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсеткендері үшін ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен анағұрлым ерекшеленген әскери қызметшлер І және ІІ дәрежелі «Ел қорғаны», «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"