Қарағандылық командирдің майдан даласындағы ерліктері

Ұлы Отан соғысында қаһармандығымен көзге түскен жерлестеріміз қаншама! Қарша бораған оқ пен лапылдаған оттың арасында жүріп, елін жерін, қорғады. Олардың сол батырлық істерін дәріптеп, кейінгі ұрпаққа сабақ ету біздердің парызымыз. Мәскеу мен Тула облыстарын азат ету ұрыстарында асқан ерлігімен танылған қарағандылықтардаң бірі – Сыздық Дүйсембин. Рота командирінің саяси істер жөніндегі орынбасары болған ол жауынгерлерді жауға қарсы күреске үндеуге біліктілігін таныта білген. Жауды түре қуған шабулдарда аға сержант Сыздық Дүйсембин 55 миллиметрлі минометтер взводының командирі болды. Минометшілер басқа әскерлерге жол ашып, үнемі алда жүрді.

Осындай кескілескен ұрыстардың бірінде Сыздық жараланып, эвакуациямен госпитальге жіберіледі. Сонда емделіп шыққаннан кейін Кенигсберг бағытындағы ұрыстарға қатысып, 11-ші минометшілер полкінің 120 миллиметрлі минометтер ротасының командирі болған.

Сыздық Дүйсембин бастаған минометшілер Үлкен Хинган үшін болған ұрыстарда үлкен әскери сауаттылық танытты. Олар солтүстік –шығыс Қытайдағы жапон милитаристерін қуып, кейін Квантун армиясын тас-талқан еткен жаяу әскерлерге жол ашты. Бұл минометшілер соғысты Порт-Артурды алумен аяқтады. Қарағандылық һас батыр майдан даласындағы ерліктері үшін I,II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін», Германияны жеңгені үшін», Жапонияны жеңгені үшін», тағы да басқа көптеген медальдармен наградталды. Милитаристік Жапония талқандалғаннан кейін Сыздық Дүйсембин 1946 жылдың ақпан айында елге оралып, көп жыл бойы аудандық қаржы бөлімінде аға инспектор қызметінде болды. Батыр ағамыз, өмірдің ащы-тұщысын молынан көрген ақсақал сексеннен асқан жасында дүниеден озды. Алайда, оның жасаған ерліктері мен атқарған абыройлы істері тарихымыздың тозбастай, кейінгіге үлгі болардай айғақтары болып қала бермек.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"