ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Қарағандыда патриоттық іс-шара өтті

Қарағандыда патриоттық іс-шара өтті
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ресми сайтынан алынған фото

Қазақстанның Қарулы Күштерінде патриоттық еске алу іс-шаралары өтуде. Аталмыш шаралар 7 сәуір Ерлік күні бастау алған патриоттық айлық шеңберінде ұйымдастырылып, 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне дейін жалғасады.

Қарағандыда «Мәңгілік алау» мемориалында «Астана» өңірлік қолбасшылығы, сондай-ақ, Ұлттық ұлан әскери бөлімдері қолбасшылығы мен жеке құрамының, оқу орындарының студенттері мен қаланың әскери-патриоттық клубтары тәрбиеленушілерінің қатысуымен салтанатты митинг өтті. Іс-шарада тәжік-ауған шекарасында қызмет өткерген ардагерлер, сондай-ақ, ардагерлер ұйымының өкілдері сөз сөйледі. «Олар біздің бейбітшілігіміз бен тыныштығымызды сақтап, ұрыста шайқасты, өздерін нағыз ер, өз Отанының патриоттары ретінде көрсетті. Біз Қазақстанның даңқты ұлдарын кері қайтарып ала алмаймыз. Бірақ, оларды және олардың ерліктерін мәңгі есте сақтау біздің қасиетті борышымыз. Бүгінде қаза болған жауынгерлердің туып-өскен мекенінде көшелер мен скверлер, саябақтар мен мектептер дәл сол қайсар батырларымыздың есімімен аталады.

Еліміздің барлық облыс орталықтары мен әскери бөлімдерде ескерткіштер орнатылды», - деді «Ардагерлер одағы» РҚБ төрағасы Мұрат Мұхамеджанов. Қаза болған қазақстандық жауынгерлердің құрметіне орай бір минут үнсіздік, сондай-ақ, құрмет қарауылының үш мәрте дүркін оқ атуымен құрмет тұтты. Еске алу патриоттық іс-шарасы Құрлық әскерлерінің Әскери институтында да өтті. Ардагерлер курсанттарға өзінің әскери қызметі, өздерінің әскери борыштарын қайсарлықпен орындаған қаруластары туралы айтып берді. Олар болашақ офицерлерге өз Отанының лайықты қорғаушылары, барлық жағынан үлгі болып, үлкендерді, командирлері мен бастықтарын құрметтеп, офицер деген атақты абыроймен алып жүріңдер деп тілектерін білдірді және курсанттарға оқуда және әрі қарайғы қызметте сәттілік тіледі. Кеш әскери жоғары оқу орнының курсанттары дайындаған концертпен аяқталды.

1992-2001 жылдар аралығында «Ұжымдық қауіпсіздік туралы» ТМД елдерінің мемлекетаралық шарттарына сәйкес құрылған жекелеген құрама атыс батальоны құрамында тәжік-ауған учаскесінде ТМД-ның сыртқы шекараларын күшейту бойынша тапсырманы 8 700-ден аса қазақстандық жауынгер орындады. Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыста 17 әскери қызметшіміз қаза болған 1995 жылдың 7 сәуірі айрықша есте қаларлық күндердің біріне айналды. Енді бұл күн Ерлік күні ретінде әскери даңқ күнтізбесінде белгіленген.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах