Прокурор сағаты

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының гарнизондық офицерлер үйінде Шығыс аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Серік Байболатұлы Төрехановтың қатысуымен «Прокурор сағаты» өтті.

Онда «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, өзге әскер мен әскери құрамаларда құқық бұзушылықты сауықтыру бағдарламасы» және  заңдылық пен құқық тәртібін нығайту жөніндегі қабылданған шаралардың жағдайы қаралды. 2015 жылы 23 желтоқсанда қылмысты іздестіру және басқарманың әскери органдарының үйлестіру кеңесінің шешімімен бекітілген 2016-2018 жылдарға арналған құқық бұзушылықты сауықтырудың бағдарламасын жүзеге асырудың мәселелері де талқыланды. Шығыс аймағының әскери прокуроры қорғаныс қабілеттілігін нығайту, жауынгерлік және мобилизациялық дайындықты одан әрі дамыту үшін барлық жағдайдың жасалып жатқанын тілге тиек етті. Қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттардың сақталуын ұйымдастыру кезіндегі заңдылықтың сақталуы – әскери прокуратура органдарының қадағалау қызметін жүзеге асырудың басым бағыттарының бірі екенін айтты. Сондай-ақ, Семей гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің лауазымды тұлғаларынан жұмыс тобы құрылғанын, тексеріс кезінде қару-жарақ, оқ-дәрі және жарылғыш заттардың сақталуын ұйымдастыруға, қару-жарақ орналасқан жердің қауіпсіздігіне, күзет дабылдарының орнатылуына, қару-жарақ және оқ-дәрімен жұмыс жүргізетін адамдармен сабақтар жүргізуге, оқ-дәрілерді есептен шығару заңдылығына, қауіпсіздік шаралары мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына басты назар бөлінетіні баяндалды. Шығыс аймағының әскери прокуроры әділет полковнигі Серік Байболатұлы Төреханов әскери қызметшілерді еліміз армиясының имиджін барынша ақпараттандыру, Отан қорғаушылар мен өскелең ұрпаққа құқықтық және әскери-патриоттық тәрбие беруді дамыту жөніндегі кең көлемді жұмыстарды ұйымдастыруға шақырды. «Прокурор сағатына» 44736 және 44793 әскери бөлімдерінің жеке құрамы қатысты.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"