Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау ерекшеліктері

Прокуратура органдары Конституцияға сәйкес Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентi Жарлықтарының және өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң дәлме-дәл және бiркелкі қолданылуына, сотқа дейінгі іс жүргізудің, жедел-iздестiру қызметiнiң, әкiмшiлiк және атқарушылық iс жүргiзудiң заңдылығына мемлекет атынан жоғары қадағалауды жүзеге асырады.

Сонымен қатар, 21.12.1995 жылғы «Прокуратура туралы» Заңда (31.10.2015ж. өзг. және тол.) көзделгендей прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды да жүзеге асырады.

Осындай өкілеттіктерге ие әскери прокуратураның қорғаныс саласындағы құқықтық мәртебесі «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Заңында басқа да әскерлер мен әскери құралымдар қатарына жататындығымен айқындалған.

Егеменді еліміздің жалпы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуші әскерлерде заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қадағалайтын әскери прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдаудың өзіндік бірқатар ерекшеліктері бар.

Олар қорғаныс қабілеттілігін реттейтін әскери заңнамалардың жетілуіне орай, әскери қызметке келісімшарт бойынша қабылдау талаптарына барынша сәйкестендірілген.

Атап айтақанда, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 сәуірдегі «Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына, ведомстволарына және мекемелеріне (бұдан әрі – прокуратура органдары)  келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін азаматтар ішінен кандидаттарды іріктеу жөніндегі кейбір мәселелер туралы» № 57 бұйрығымен үміткерлердің өтініштері мен құжаттарын қарау тәртібі, оларды кәсіби және психологиялық іріктеу бойынша іс-шараларды жүргізу, іріктеу комиссиясы қызметінің қағидалары бекітілген.

Прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ниет білдірген азаматтар белгіленген нысанда жазбаша түрде өтініш береді.

Азаматтардың өтініштері 1) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры тағайындайтын әскери лауазымға қабылдану жағдайында – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына, 2) Бас әскери прокурор тағайындайтын жағдайда – Бас әскери прокуратураға ұсынылады.

Өз кезегінде, әскери прокуратура органдарына қабылдау екі сатыда жүргізілетіндігін атап өткеніміз жөн:

1)      Кандидаттарды іріктеу және оларды бастапқы зерттеу;

2)      Іріктеуден өткен кандидаттар үшін іріктеу комиссиясында әңгімелесу.

Бірінші саты. Әскери прокуратура органдарына әскери қызметке қабылдануға ниеттенген кандидаттарды іріктеу және оларды бастапқы тексеру азаматтар өтініш білдірген жағдайда - бос орынның (лауазымның) болу-болмауына қарамастан – жүргізіледі.

Азаматтар өз өтінішімен бірге 25.05.2006 жылғы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру Ережелерінің 21-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады, бұл ретте олар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпараттарды бере алады. Бұған дейін әскери қызметті өткермеген, жоғары оқу орнының әскери кафедрасында оқымаған азаматтар, әйелдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің арнайы білім беру ұйымында әскери дайындықтан өткенін растайтын құжатты ұсынулары тиіс.

Прокуратура органының кадр жұмысы бөлімшесі өтініш түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кандидаттармен ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 38-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін қарайды  және зерттейді. Құжаттарды тексеру қорытындысы бойынша тиісті прокуратура органының басшысы прокуратура органдарына келісімшарт бойынша қызметке кіру үшін кандидатты іріктеуге жіберу немесе жіберуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол туралы кандидатқа тиісті шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде хабарланады.

Прокуратура органдарына азаматтарды әскери қызметке қабылдау әскери лауазымдар және оларға сәйкес әскери атақтар Тізбесінің негізінде бос лауазымға ашық және жариялы түрде іске асырылады.

Іріктеу барысында кандидат: 1) әскери қызметке жарамдылығын анықтау мақсатында медициналық куәландырудан және жолдама бойынша психологиялық жарамдылыққа тексерістен өтеді; 2) дене шынықтыру даярлығының деңгейіне сәйкестігін анықтау үшін сынақ тапсырады; 3) кәсіби даярлық деңгейін және әскери лауазымға тағайындау үшін қаралып отырған әскери-есептік мамандыққа (білімге) сәйкестікті анықтау үшін заңнамалар бойынша компьютерлік тестіден өтеді; 4) ұлттық қауіпсіздік органдарының міндетті арнайы тексерісінен өтеді.

Іріктеуден Бас әскери прокуратураның кадр қызметіне өтініш білдіріп өтуге болады. Кадр жұмысы бөлімшесі кандидаттарды іріктеу кезінде әскери есеп, медициналық куәландыру, психологиялық даярлыққа тексеру мәселелері бойынша 1) кандидаттың жеке ісін рәсімдейтін; 2) медициналық куәландыруды ұйымдастыратын; 3) психологиялық жарамдылыққа тексеру жүргізетін жергілікті әскери басқару органдарымен (ЖӘБО) өзара әрекеттеседі.     
            Әскери қызметті өткеруге денсаулық жағдайы бойынша жарамды деп танылған кандидат, ЖӘБО-дан жеке ісін кадр жұмысы бөлімшесі алғаннан кейін он бес жұмыс күні ішінде дене шынықтыру даярлығы бойынша тексеруден өтеді. Дене шынықтыру даярлығын тексеруді өткізу орны мен уақыты туралы кандидатқа ол басталғанға дейін бес жұмыс күні бұрын хабарланады. Кандидаттың дене дайындығын тексеру олардың жас шамалары ескеріліп, іріктеу комиссиясының кемінде үш мүшесінің және дене дайындығы бойынша уәкілетті лауазымды маманының (нұсқаушының) қатысуымен жүргізіледі.

Тестілеу Бас прокуратурада арнайы әзірленген сұрақтар бойынша кандидаттың қалауымен қазақ немесе орыс тілдерінде «он-лайн» режимінде бейне, - аудио таспаларға жазу арқылы жүргізіледі. Тестілеу өтетін күні, уақыты және орны туралы тестілеу басталғанға дейін кемінде бес жұмыс күні бұрын кандидатқа хабарланады. Оған қатысу үшін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі болуы шарт.

Тестілеу уақытында кандидаттарға басқа кандидаттармен сөйлесуге, материалдар алмасуға, қағаз және электронды тасымалдағыштардағы ақпараттарды (соның ішінде ұялы телефондарды, қалта дербес компьютерлерін және басқа да электронды құрылғыларды) пайдалануға, тестілеу аяқталғанға дейін бөлмеден шығуға тыйым салынады. Осы талаптар бұзылатын болса тестілеу тоқтатылады және кандидаттың көрсеткіштерінің күші жойылып, ол бөлмеден босатылады.

Кандидат тестілеуге дәлелді себептермен келмеген жағдайда, сонымен бірге тестілеу уақытында өзін жайсыз сезінген жағдайда, бұл туралы алдын-ала тестілеу өткізудің басталуына дейін кадр жұмысы бөлімшесінің өкіліне хабарланады, осындай тұлғалардың тестіленуі осы күн ішінде басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес анықталатын басқа күні жүргізіледі.

Тестілерді (120 сұрақ) орындауға берілетін уақыт 90 минут. Тест бойынша өту мәні тестілеу бағдарламасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер бойынша дұрыс жауаптардың саны жалпы сұрақтардың санынан 70% кем болмауы керек.

Осы орайда, Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Прокуратура туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі бойынша (мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) дұрыс жауаптар саны әрбір нормативтік құқықтық актінің 70% кем болмауы қажет. Тестілеу аяқталғаннан кейін кандидатқа тестілеудің нәтижелері қол қою арқылы таныстырылады. Кандидаттың қолы қойылған тестілеу нәтижелерінің бір данасы оның жеке ісіне тіркеледі. Өту мәнінен кем емес баға алған кандидаттың тестілеу нәтижелері тестілеу өткен күннен бастап бір жыл ішінде жарамды болып есептеледі. Кандидат тестілеуден өту мәнінен төмен баға алған жағдайда, ол алдағы тестілеу күнінен бастап үш ай өткеннен кейін тестілеуден қайта өтуге құқылы.
           Денсаулық жағдайы бойынша прокуратура органдарында әскери қызметтен өтуге және дене шынықтыру даярлығы бойынша тиісті талаптарға жарамды деп танылған, компьютерлік тестілеу нәтижесінде өту мәнінен кем емес баға алған және прокуратура органдарына әскери қызметке кіру үшін еш кедергілердің жоқтығы туралы міндетті арнайы тексерістің қорытындысын алған кандидат тестілеу күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде тағылымдамадан өтуге жолданады.

Кандидатты толық және жан-жақты зерттеу мақсатында тағылымдамадан өту кезінде ол келесі төрт тапсырманы орындауы керек:

1. өзінің өмірлік тәжірибесін суреттеу;

2. белгіленген тақырыпқа эссе жазу;

3. кейстік есептер шығару;

4. психологиялық зерттеуден өту.

Бірінші тапсырма – өмірлік тәжірибені суреттеу. Кандидат өзін, жеке жетістіктерін, дағдылары мен тәжірибесін анық, нақты және түсінікті суреттеп, сұрақтардың мәнін артық пысықтауларсыз мазмұндағаны абзал. Үміткердің күш-қуатын, өмірлік ұстанымын, әлеуметтік белсенділігін, қағидаттарының тұрақтылығын, адалдығын, парыздық сезімі мен патриоттылығын бағалау соған тікелей байланысты. Шығармада кандидат сондай-ақ қоғам және айналасындағылар үшін қандай жақсы іс істегендігін, қандай да бір жобаларға қатысқандығын көрсете алады. Ол өзінің прокуратурада жұмыс істеуге қабілеттілігін, ұмтылысын және лайықтылығын дәлелдеп, жеке басының іскерлік, кәсіби және рухани қасиеттерін ашуы керек. Мұндай шығармашылық тапсырмаға 60 минут және 500 сөз бөлінеді.

Екіншісі – белгіленген тақырыпқа эссе жазу. Бұл эссе үміткердің шығармашылық танымын және өз ойларын ұтымды жеткізу қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Аталған екі қасиет прокурор жұмысында өте маңызды болып табылатындығы сөзсіз. Ал қолданған сөздерінің саны мен сапасы оның шешендік қырларын айқындайды. Басқаша айтқанда, стандарттық емес, терең әрі икемді ойлау қабілетінсіз қызметкер өз тұжырымдарын өрлете алмасы анық. Өтініш, хаттарға жауап дайындап, ұсыныстар әзірлеп, азаматтармен кездесіп, оларға заң талаптарын ұғындыру үшін дәлелді жаза білу де өте маңызды. Мұндай шаралар үміткердің ақпаратты нақты әрі сауатты мазмұндауын, басты мәселелерді тұрлаусыз сұрақтардан ажырата білуін бағалауға негіз болары хақ. Бұл тапсырмаға 500 сөз және 120 минут .

Үшінші тапсырма – кейстер. Кейс дегеніміз нақты проблемалық жағдай түріндегі есеп. Кандидат осы мәселенің мәнін жете ұғынуы керек. Одан соң проблеманы шешу жолдарын ұсынып олардың ең тиімдісін таңдап алуы тиіс. Бұл ретте үміткер заңдарды пайдалана алады. Бұл жеке тапсырма болғандықтан ешқандай кеңес беруге рұқсат етілмейді. Мән-жайлық есептердің саны үшеу болады және оларға 90 минут бөлінеді. Осылайша үміткердің заңдарды тәжірибеде қолдана алатындығы, ақпаратты сараптап, талдау жүргізетіндігі, логикалық қисынды ойлау қабілеттері тексеріледі.

Төртіншісі – психологиялық зерттеу. Бұл адым алдыңғы барлық есептер бойынша қорытынды шығарады. 186 сұрақты қамтитын психотесттер 1,5 сағатта өткізіледі. Үміткердің IQ көрсеткішін шығарумен қатар, оның шын мәнісінде пайда келтіру ниеті немесе тек жеке басының қамын ойлайтындығы, жұмысынан нәтиже шығара алатындығы немесе мардымсыздығы, ауыртпалықтарға төзе білетіндігі не шамданғыштығы, ұжымда жұмыс істей алатындығы не жалғыздық қырлары, ашық адам екендігі не қарым-қатынастағы мәселелері анықталады. Тесттерден кейін – бағаланушы сұхбат деп аталатын психологпен әңгімелесу. Психолог нақты сұрақтар қою арқылы жеке тұлғаның өзіне тән ерекшеліктерін айқындайды. Тесттер және әңгімелесудің нәтижелері бойынша кандидаттың толық психологиялық сипаттамасын аламыз. Өмірлік тәжірибесін суреттеуді, эссе және кейстерді орындауды Бас прокуратураның шақырған тәуелсіз сарапшы-мамандары бағалайды. Кандидаттардың жұмысы құпияландырылады, олар өздерін кімнің, ал мамандар қай үміткердің жұмысын бағалайтындығын білмейді. Сарапшылардың бағалауы тағылымдаманың соңына дейін ұсынылады.

Тағылымдама мерзімі аяқталғаннан кейін кандидат тағылымдаманың жеке жоспарын орындаудың нәтижелері баяндалатын жазбаша есеп дайындайды. Тағылымдама нәтижелері бойынша жетекші кандидатқа мінездеме жазады. Мінездемеде теориялық білімі мен тәжірибелік жұмыс дағдыларына баға беріліп, кандидаттың адамгершілік және іскерлік қасиеттері, оның еңбек және орындаушылық тәртіпке деген көзқарасы, сондай-ақ кандидаттың жеке тұлғасын сипаттайтын басқа да деректер көрсетіледі.

Екінші саты – іріктеу комиссясындағы әңгімелесу. Іріктеу комиссиясы бос лауазымдарға кандидаттарды түпкілікті іріктеуді жүзеге асырады. Әңгімелесуге денсаулығы бойынша прокуратура органдарында әскери қызметтен өтуге және дене шынықтыру даярлығы бойынша тиісті талаптарға жарамды деп танылған, компьютерлік тестілеу нәтижесінде өту мәнінен кем емес баға алған және прокуратура органдарына әскери қызметке кіру үшін еш кедергілердің жоқтығы туралы міндетті арнайы тексерістің қорытындысын алған және тағылымдамадан өткен кандидат жіберіледі.

Бас Прокурор мен Бас әскери прокурордың бұйрықтарымен бекітілетін Іріктеу комиссиясының барлық мүшелері құзіреттеріне кіретін сұрақтарды қарастыруда бейтарап және әділ болуды; өздеріне жүктелген өкілеттіктерді орындау барысында кандидаттар туралы белгілі болған жеке деректер мен басқа да ақпараттарға қатысты құпиялылықты, сондай-ақ дауыс беру құпиясын сақтауды; шешім қабылданып жатқан кандидаттың іріктеу мәліметтерін қарастыру кезінде, егер ол комиссия мүшесінің жақын туысы немесе жекжаты болса, өздігінен бас тартуды қамтамасыз етеді.

Өз кезегінде, прокуратура органының ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімшесі кандидатқа қатысты прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке алуға кедергілердің бар-жоқтығы туралы анықтаманы комиссия отырысына ұсынады. Үміткердің әскери қызметті өткеру үшін психологиялық жарамдылық деңгейін анықтаудың нәтижелері мен міндетті арнайы тексеріс қорытындылары дайын болған жағдайда комиссияның қорытынды отырысы өткізіліп, комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:

1) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруге ұсыну және лауазымға тағайындау;
            2) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін резервке енгізуге ұсыну;
            3) келісімшарт бойынша әскери қызметке кіруден бас тарту.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша төраға қабылданған шешім туралы әрбір кандидатқа хабарлайды. Резервке енгізу туралы комиссияның ұсынымдары әрбір бос лауазым үшін үшеуден аспайтын кандидатқа қатысты шығарылады. Резервке енгізу іріктеу комиссиясы шешім шығарған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей прокуратура органы басшысының бұйрығымен жүргізіледі. Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін кандидаттардың резервте тұру мерзімі, ол енгізілген күннен бастап бір жыл.

Комиссия отырысына дәлелді себептермен (ауырып қалған жағдайда, отбасы немесе басқа жағдайларға байланысты) келмеген кандидатпен әңгімелесу келесі отырыста өткізіледі. Кандидаттың дәлелді себепсіз қорытынды отырысқа келмеуі прокуратура органдарына келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Кандидаттарды іріктеуге қатысты шығындар (әңгімелесу, тестілеу, тағылымдама, куәландырудан өтетін жерге бару және кері қайту, тұрғын үйді жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін қолдану және басқа да шығыстар) азаматтардың өз есебінен өтеледі.

 

Ермек Сукенов

Бас әскери прокуратураның

Кадр жұмысы басқармасының бастығы

әділет подполковнигі


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"