ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Президенттің 10 лауазымдық мәртебесі

Президенттің 10 лауазымдық мәртебесі

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының президенттіктен басқа 10 лауазымдық мәртебесі бар.

 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы 

 

Конституцияға сәйкес, Мемлекет басшысы – еліміздің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы.

Елбасы Қарулы Күштерді дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бүгінде тек техникалық жаңғыртуға, заманауи қару-жарақ сатып алуға ғана емес, сондай-ақ қазақстандық әскери қызметшілердің тұрмысын, өмір сапасын жақсарту үшін де айтарлықтай қаражат бөлінеді. Әскери кәсіптің беделі де біртіндеп артып келеді.

Президентіміз айтқандай, қазір еліміздің Қарулы Күштерінің біртұтас жүйесін құрайтын заманауи, саны жағынан жинақы, жақсы жабдықталған және ұрысқа қабілетті Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштері бар. Қарулы Күштеріміз ел тәуелсіздігін, халықтың тыныштығы мен бейбітшілігін кірпік қақпай күзетеді.

 

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы

Қауіпсіздік кеңесі – Мемлекет басшысының мемлекет егемендігін, тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау, елдегі әлеуметтік-саяси тұрақтылықты сақтау, еліміздің қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздігін, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі шешімдерін әзірлеуге және өкілеттікті іске асыруға жәрдемдесетін консультативтік-кеңесшілік орган.

Қауіпсіздік кеңесінің тарихы 1991 жылдан басталады. Сол жылы Қазақ КСР

Президентінің 21 тамыздағы жарлығымен Қазақ КСР-нің Қауіпсіздік кеңесі құрылған болатын. Кейіннен ол Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 17 маусымдағы жарлығымен Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі болып қайта құрылды.

Қауіпсіздік кеңесінің мүшелері – Парламент Мәжілісі мен Сенатының төрағалары, Премьер-Министр, Мемлекеттік хатшы, Президент Әкімшілігінің басшысы, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Сыртқы істер министрі, Қорғаныс министрі, Бас прокурор, Ішкі істер министрі, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштері Бас штабының бастығы.

Қажет болған жағдайда Мемлекет басшысы өзге де лауазымды тұлғаларды Кеңестің мүшесі етіп қосымша тағайындауы мүмкін.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысы кемінде үш айда бір рет өткізіледі. Ол қабылдаған шешімдерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының орындауы міндетті болып саналады.

 

Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы

Елбасы Қазақстан халқы ассамблеясын құру идеясы туралы алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан халықтары форумында айтты.

1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы ассамблеясын құру туралы жарлығы шықты. Қазіргі таңда бұл ұйымның қызметі 2008 жылғы 20 қазандағы «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» заңмен реттеледі.

Бүгінде біздің республикамыз түрлі этностар мен конфессия өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруінің жарқын үлгісін көрсетіп отыр. Мемлекет басшысының мұндай саясаты Қазақстан қоғамының тұрақтылығының іргетасына айналды. Ассамблеяның бірінші сессиясы 1995 жылғы 24 наурызда болды.

 «Нұр Отан» партиясының төрағасы

Алғаш 1999 жылы «Нұр Отан» партиясының негізі қаланды. Сол жылдың 1 наурызында «Отан» республикалық саяси партиясы құрылып, еліміздің түкпір-түкпірінен келген делегаттар Нұрсұлтан Назарбаевты партия төрағасы етіп сайлады.   

«Отан» партиясының 2006 жылғы желтоқсан айында өткен кезектен тыс Х съезінде партия атауын «Нұр Отан» деп өзгерту туралы шешім қабылданды.

Бүгінде «Нұр Отан» – еліміздегі ең басты, ірі жетекші саяси партия. Ол 2016 жылғы 20 наурызда 6-шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің сайлауында 107 депутаттық орынның 84-іне ие болды. Сол арқылы жоғары заң шығару органында басым көпшілік үлесті иеленді.

Бұл партия – еліміздегі саяси және экономикалық реформалардың негізгі бастамашысы және іске асырушысы. «Нұр Отан» мемлекеттік билік пен қоғамды, Президент пен халықтың екіжақты байланысы мен өзара іс-қимылының өзегіне, тиімді тетігіне айналды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев – дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Астананың сәулет кеңесі төрағасы, Назарбаев Университеті Жоғары қамқоршылық кеңесінің төрағасы.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах