Полицейлер қандай жағдайда қару қолдана алады?

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі полицейлер атыс қаруын қандай жағдайларда қолдана алатындығын түсіндіріп берді.

«Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерлері атыс қаруын және өзге де қаруды «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 61-бабына сәйкес қолданады», - делінген «ҚазАқпарат» тілшісіне берілген ресми жауапта. 

Атап айтқанда, министрліктің хабарлауынша, ішкі істер органдарының қызметкерлері атыс қаруын және өзге де қаруды жеке адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төнген жағдайда оларды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сол сияқты кепiлге алынғандарды босату;
қызметкерлерге және олардың отбасы мүшелерiне, қоғамдық тәртiптi қорғау, қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету және қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі қызметтiк немесе қоғамдық борышын атқарып жүрген адамдарға жасалған шабуылға тойтарыс беру;
құқық қорғау органының атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы көлік құралын тартып алу әрекеттерінің жолын кесу;
жеке тұлғалардың тұрғын үй-жайларына, құқық қорғау органдары күзететiн объектiлерге, мемлекеттік ұйымдардың үй-жайларына жасалған шабуылға тойтарыс беру, қызметтiк немесе әскери нарядқа жасалған шабуылға тойтарыс беру;
қарсылық көрсететін не қылмыс жасау кезінде үстінен түскен, қамаудан қашқан адамдарды (әкiмшiлiк қамақта ұсталатындардан басқа) ұстау, қаруланған адамдарды ұстау;
егер көлік жүргiзушi қызметкердiң заңды талаптарына бағынбаса және жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiрсе, көлiк құралдарына ақау келтіру арқылы оларды тоқтату;
адам өміріне немесе денсаулығына іс жүзінде қатер төндірген жағдайларда хайуанаттардың шабуылынан қорғану;
қару қолдану ниеті туралы азаматтарға ескерту, дабыл сигналын беру немесе көмекке шақыру кезінде қолданады.

Сонымен қатар, қажетті қорғаныстың және аса қажеттіліктің барлық өзге де жағдайларында ішкі істер органдары қызметкерлерінің атыс қаруын және өзге де қаруды қолдануға құқығы бар.

«Ішкі істер органдарының қызметкерлерінің атыс қаруын және өзге де қаруды қодануға тыйым салынатын жағдайлар бар. Бұл ретте әйелдерге, анық мүгедектік белгілері бар адамдарға, жасы белгілі немесе анық болған кезде кәмелетке толмағандарға қатысты, олар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды кепілге, көлiк құралдарын, оның iшiнде әуе кемесiн басып алған не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, қару қолдануға тыйым салынады», - делінген хабарламада.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"