Петропавл ауыр машина жасау зауыты "KADEX-2016" көрмесінде заманауи зымыранның сұлбасын көрсетеді

«KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне 300-ден аса компаниялар өз өнімін ұсынуға әзір. Сапалы техника шығарып, оны көрсетуге арналған іс-шараға петропавлдық  өнім өндірушілер де қатысады.

Әскери-өнеркәсіптік кешен жүйесінде Петропавл ауыр машина жасау зауытының тарихы тереңде жатыр. Аталмыш зауытта зымырандар мен олардың құрама бөліктері, жер үсті жабдықтары мен түрлі типтегі зымыран кешендері шығарылады. Мысалы, «Темп-С» кешені балластикалық зымыранының, «Точка» және «Точка-У» кешені зымыранының бірінші және екінші сатыларының қозғалтқыштарын, «Ливень» кешенінің қайыққа қарсы гравитациялық снарядтарын, зерттеу және метеорологиялық зымырандарын өндіреді.

1965 жылғы мамырдағы КСРО Министрлер Кеңесінің және Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Қаулысына сәйкес зауытта «СКАД» зымыран кешенінің бастапқы агрегаттарының алғашқы партиясы жиналды. Ал, 1979 жылы «Ока» жедел-тактикалық кешенінің алғашқы іске қосу қондырғылары мен көліктік-оқтау машиналары жасалып, әскердің қарулануына берілді.

Осындай жаңа техниканы жасауда, сынау және өндіруде сіңірген еңбегі үшін сол жылдары «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталды. «Точка», «Точка У» жедел-техникалық кешенінің толықжинақты өндірісі жөніндегі басты кәсіпорын кейіннен, яғни, тәуелсіздіктің 1993-1995 жылдары «Точка - У» зымыран кешендерімен Қазақстанның Қарулы Күштерін жарақтандыруға көшті.

Бүгінде «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ – «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны. Мұнай-газ, мұнай химиялық, энергетикалық және теміржол жабдығы, арнайы мақсаттағы өнімнің жетекші қазақстандық өндірушісі болып табылады. «Бүгінгі таңда кәсіпорында көпбейінді өндірістік және сынамалы база, дамыған аспаптық өндіріс бар. Бізде білікті кадрлар жұмыс істейді.  Бұл тұтынушылардың талаптарына ден қоя отырып, дайындалатын бұйымдардың номенклатурасын ұдайы кеңейтіп отырады. Оған қоса, біздің зауытта өндірілген өнім қазіргі заманғы техникалық сипаттамаларға сай келеді», - дейді ПАМЖЗ баспасөз қызметкері Елена Стадникова.

                                                                         Көрмедегі күзет құралдарының жүйесі

   Халықаралық көрмеге  «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ өз үлесін қоспақ.  Олар өзінің заманауи әзірлемелерін, оның ішінде «Ұлан» техникалық күзет құралдарының жүйесін ұсынады.

«Жүйе 2000 м. дейінгі өлшемдегі әскери бөлімдердің объектілерін, қойма аумақтары мен өзге де мамандандырылған құрылыстарды жабдықтауға арналған екен. «Кешен нысанды ішкі телефондық байланыспен, күзет жүйесімен, бейнебақылаумен, адамдардың немесе жүктердің алмасуын қадағалап тұратын жүйемен жабдықталады»,-  дейді «ПАМЖЗ» АҚ мамандары. Сондай-ақ, аталмыш жүйе дауыстық пәрмендерді немесе арнайы дабыл белгілерін беру үшін бақылау қолжетімділігімен және дыбыс зорайтқыш байланыспен қамтамасыз етіледі.  Ағымдағы жылы «Ұлан» жүйесі әскери пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, қазіргі таңда «ПАМЖЗ» АҚ – «Түн-12» техникалық күзет құралдарын өндіретін жалғыз кәсіпорын. Бүгінде ҚР Ұлттық ұланының барлық дерлік  арнайы мекемелері «Түн-12» жүйесімен жабдықталған. Аталмыш жүйенің мүмкіндігі мол. Мәселен, объектінің рұқсатсыз аймағынан дыбыс үдеткіш арқылы күзетшіні телефон байланысына шақыруға және дыбыс үдеткіші арқылы рұқсатсыз аймақтың күзет орындарына және басқа қызмет орындарына оператор бөлімінен бұйрық беруге болады. Сондай-ақ,
14 абонентпен бөлек және бір уақытта телефон байланысын,  абонент және күзет орны нөмірінің жарықтық индикациясын,
күзеттік жарықтандырудың автоматты түрде қосылуын қамтамасыз етеді.

Заманауи зымыранның сұлбасы көрсетіледі

«KADEX-2016» көрмесінде аталмыш зауыт мұнымен шектеліп қоймайды. Олар «Кең спектр» дүркін атыстың заманауи зымыран жүйесінің сұлбасын көрсетеді.  Ол 10-нан 150 шақырымға дейінгі қашықтықта нүктелі және алаңдық нысаналарды, қарсыластың жанды күші мен атыс құралдарының жойылуы мен басылуын қамтамасыз етеді. Мамандардың айтуынша, кешен атысты автоматтандырылған басқару жүйесімен, спутниктікті қоса алғанда, сандық, навигация және топобайлау байланыс құралдарымен жабдықталған. «Алдағы өтетін көрмеде әскери техниканы өндірумен айналысатын әлемнің әр түрлі елдерінің кәсіпорындары бас қосады. Қазақстандық зауыттар үшін бұл өз өнімін көрсетуге және оны әлемдік деңгейге шығару үшін жақсы мүмкіндік», - дейді «ПАМЖЗ» АҚ қызметкерлері.

азақстандық зауыттар үшін бұл өз өнімін көрсетуге және оны әлемдік деңгейге шығару үшін жақсы мүмкіндік болғалы тұр. Сондай-ақ еліміздің қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту, демек, Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз ету және өрістету үшін де жаңа мүмкіндшығару үшін жақсы мүмкіндік болғалы тұр. Сондай-ақ еліміздің қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамыту, демек, Қазақстан Қарулы Күштерінің қорғаныс әлеуетін қамтамасыз ету және өрістету үшін де жаңа мүмкіндіктер болма

P.S Жыл өткен сайын кәсіпорынның қуаты артып келеді. Бір кездері қорғаныс техникасын шығарумен айналысқан кәсіпорын тәуелсіздік жылдары дамудың жаңа сатысына көтерілді. Бағытын өзгертіп, ірі ұлттық компаниялардың тапсырысын орындай бастады. Қазір бұл зауытта шыққан өнім республика, одан қала берді шетелдерде де сұранысқа ие.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"