Отаншыл сезімдегі оқушылар

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінің аумағында Приозерск қаласының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі жоғарғы сынып оқушыларының жиыны болып өтті. Аталмыш жиынның мақсаты әскер жасына дейінгі және әскер жасындағы өскелең ұрпақты отансүйгіштікке баулу болғандықтан, әскери бөлім басшылығының тарапынан әскери өмірді көзбен көруге келген оқушылар үшін қолдағы бар мүмкіндік көрсетілді.

Әскери киімдегі мектеп оқушыларын бөлімнің бақылау-өткізу бекетінен Приозерск гарнизонының бастығы, 06708 әскери бөлімінің командирі подполковник Жасұлан Жақыповтың өзі қарсы алды. Жоғарғы сынып оқушылары ең бірінші кезекте әскери бөлімнің аумағын аралап, әскери қызметшілердің күнделікті тыныс-тіршілігімен танысты. Далалық әскери оқу-жаттығуы жиынына қатысушы оқушылар әскери бөлімнің саптық алаңында сапта жүру әдістерімен танысты. Саптық дайындық сабағын жүргізген 06708 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант М.Құрманов сабақ барысында оқушыларды сап түзеп жүруге бейімдеп, оларға саптық адымдағы жүріспен әскери-патриоттық әндерді шырқап айтуды да үйретті. Келесі кезектегі радиациялық, химиялық және бактериологиялық қауіптерден қорғану сабағының тізгінін ұстаған 06708 әскери бөлімінің әскери қызметшісі аға сержант О.Асенов жас жеткіншектерге қауіптерден сақтанудың түрлі жолдарын көрсетті.

    Одан әрі оқушыларға күнделікті өмірдегі адамға пайдасы зор алғашқы медициналық көмек көрсету сабағы өткізілді. Далалық әскери оқу-жаттығуы жиынынан оң әсер алған жас жеткіншектер көтеріңкі көңілмен сапқа тұрып, әскери бөлім аумағынан «Мен қазақпын!» атты әскери-патриоттық әнін әуелетіп аттанып кетті.

 

Тілек Алшымбекұлы

06708 әскери бөлімі

                                                                             

                                                                             

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"