Отанға адал болуға серт берді

Отанға адал болуға серт берді

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Шымкент гарнизонында орналасқан 35748 әскери бөлімінің жас жауынгерлері 2018 жылғы 26 мамырда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында адал қызмет етуге ант берді.

Салтанатты рәсім әскери бөлімнің жауынгерлік туын алып шығып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындаумен басталды.

Шарада сөз алған 35748 әскери бөлімінің командирі полковник Асхат Абдуваитов жас сарбаздардың ант қабылдау рәсімінің мағынасын түсіндіре келе, Отанға қашанда адал болу керектігін айтты.

Айтулы рәсімде сондай-ақ, «Оңтүстік» өңірлік әскерлері қолбасшылығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары басқармасындағы жоспарлау бөлімінің бастығы подполковник Ерсін Әділжанов, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері одағының төрағасы запастағы подполковник Бабай Алдабергенов, Оңтүстік Қазақстан облыстық қорғаныс істері департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары подполковник Ажымұқан Шынтаев сарбаздарға және жиналған қауымға жылы лебіздерін білдірді.

Ал, жас сарбаздардың атынан қатардағы жауынгер Мороз Қуанышбек Айтқалиұлы сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы және парызы екендігін айта келе, Отан алдындағы борышын адал өтейтіндігін жеткізді.  

 

Майор А.Ұзақбаев

35748 әскери бөлімі

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги конкурсов АрМИ-2018 на территории Казахстана

Итоги конкурсов АрМИ-2018 на территории Казахстана