Отан, отбасы, армия – бір ұғым

Отан, отбасы, армия – бір ұғым

Таяуда Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағында Ақмола өңірлік гарнизонындағы әскери бөлімдер мен мекемелер бастықтарының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары мен әйелдер кеңесі төрайымдарының қатысуымен «Айыппұлсыз жыл» акциясы аясында «Әйелдер кеңесінің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери қызметшілерінің отбасы мүшелерімен жұмыс бойынша  бөлім жетекшісі Гүлнара Жасұзақова, Ақмола гарнизоны әскери қызметшілерімен жұмыс бойынша бөлім жетекшісі Светлана Бектанова, Ақмола гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Данияр Жұмаділов қонақ ретінде шақырылды.
Іс-шара барысында Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағының бастығы подполковник Бекен Шынтілеуов 2017 жылғы өткен кезең бойынша гарнизондағы крименогендік жағдай және әкімшілік құқықбұзушылықтың жай-күйі, олардың алдын алу бойынша атқарылған іс-шаралар туралы баяндады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде идеологиялық жұмыстар стратегиясының негізінде құрылған әйелдер кеңесінің маңыздылығын, қажеттілігін айтып өтті.
Ал, Гүлнара Жасұзақова қызметтік әскери қызметшілердің отбасын нығайтуға, әрбір отбасында жағымды қарым-қатынас орнатуға бағытталған жұмыстар арқылы нәтижеге жетуге болатынын атап өтті. Бұл ретте әскери ұжымда орын алған әлеуметтік сипаттағы проблемалық және отбасылық мәселелер және оларды шешу жолдары бойынша бірлескен жұмыстар талқыланды. Әділет полковнигі Данияр Жұмаділов әскери қызметшілерге қоғамдық көмек көрсету мақсатында әйелдер кеңесі кризистік орталықтармен өзара тығыз байланыста жұмыс жүргізуі қажеттігі туралы ұсыныс айтты.
Сонымен қатар, Ақмола өңірлік гарнизоны әскери полиция жасағы әйелдер кеңесінің мүшесі капитан Жаннұр Бөгісова 2017 жылғы 10 айға әйелдер кеңесінің есебін баяндады. Есеп беру барысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әйелдер кеңесінің жұмысын ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқаулықта көзделген құқықтық және психологиялық жұмыс, отбасымен жұмыс, балалармен жұмыс, мәдени-демалыс және спорттық жұмыс бағыттары бойынша атқарылған іс-шаралар слайдтық сүйемелдеумен баяндалды. Әйелдер кеңесінің жұмысын әрі қарай жандандыру аясында алдағы уақытқа жоспарланған іс-шаралар аталды. Қатысушылар әскери бөлімдердің әйелдер кеңесі арасында тәжірибемен алмасу жөнінде және әскери қызметшілердің әйелдерін белсендіру, қызығушылығын арттыру мақсатында ауыспалы вымпелді әзірлеу туралы ұсыныс жасады. Кездесу мазмұнды әрі жоғары деңгейде ұйымдасқан түрде өтті.
Дөңгелек үстелдің соңында дәстүрлі отбасылық құндылықтарды сақтау және нығайту –  проблемалық мәселелердің алдын алудың кепілі болып табылады деген қорытынды жасалды.

Подполковник С. САҒЫНДЫҚ

Ақмола өңірлік гарнизоны
Әскери полиция жасағы

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: основные причины ДТП

Инфографика: основные причины ДТП