Отан алдында серт берді

Отан алдында серт берді


Жуырда  М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедра студенттері, яғни жалпы саны 270 адам әскери кафедраның саптық алаңында салтанатты түрде әскери ант қабылдады.

Бұл іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы, факультет декандары, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы кадрлар бөлімінің бастығы Имангазин Мереке Тілектесұлы, Қарулы Күштеріміздің ардагерлері, сондай-ақ студенттердің ата-аналары мен туған туыстары қатысты.

Салтанатты шарада 85395 әскери бөлімінің барлау ротасының жеке құрамының әскери қызметшілері қарумен салтанатты шеру мен көрнекі қимыл және «Бүркіт» полициямен бірлескен студенттік отряды ұрыс тәсілдерінің көрнекі қимылын көрсетті.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі мен облыстық филармония әртістерінің қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды. Студенттер «Мен қазақпын» әнін орындады. Взвод құрамында студенттердің сапта жүріп өту және саптық ән орындау байқауы өткізілді.

Запастағы полковник Ұлықбек Жұмабеков


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

Броньды машиналар кәсіпорны

Броньды машиналар кәсіпорны

БКМ "Барыс 8х8"

БКМ "Барыс 8х8"