Ортақ мәселелер талқыланды

Астанада Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұхамеджан Таласовтың төрағалық етуімен Комитеттің кезекті отырысы Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өткізілді.

Оған Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы қорғаныс министрліктерінің делегациялары және ТМД мемлекеттері қорғаныс министрлері кеңесі хатшылығының өкілі қатысты.

Комитет отырысы Достастық мемлекеттерінің көпжақты ынтымақтастығының тиімділігін арттыру жолындағы тағы бір бірлескен қадам болды.

Достастық елдерінің қорғаныс министрлігінің жеке құрамымен жұмыс істейтін ведомстволар басшыларының кездесуі барысында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына бірлескен дайындық барысы және де бірқатар мәселелер талқыланды.

Делегация басшылары 2018 жылдың тамыз айында Армения Республикасының аумағында «Достастық жауынгері» Қарулы күштерінің әскери қызметшілерінің арасындағы әскери-кәсіби біліктілік бойынша халықаралық байқауды ұйымдастыру мәселесін қарады. Сондай-ақ ТМД елдерінің жоғары әскери оқу орындарының курсанттары арасындағы «Достастық КТК-2018» халықаралық фестивалін, Қарулы Күштердің (жауынгерлері, әскери қызмет ардагерлері мен олардың отбасылары) халық шығармашылығының «Катюша» халықаралық фестивалі және де 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған үздік журналистік жұмыс үшін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әскери баспасөзінің редакциялары арасындағы халықаралық конкурс өткізу жайындағы мәселелерге де мән берді.

Кездесуге қатысушылар Достастық елдерінің қарулы күштерін әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ Ресей армиясының «Ресей армиясы» ақпараттық-жарнамалық агенттігімен ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Комитет мүшелері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған ТМД-ға мүше мемлекеттердің әскери мұражайларының көрмесін өткізу мәселесі бойынша пікір алмасты.

Комитет отырысы сындарлы және іскерлік жағдайда өтті. Оның барысында қабылданған шешімдер әскери, жалпы, аймақтық және ұлттық мүдделерді ескере отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.

                                                                                              

                                                    Суретті түсірген Ағыбай АЯПБЕРГЕНОВ


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"