Орталықтың мақсаты – жастарды отансүйгіштікке баулу

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына
25 жылдың ішінде жеткен үлкен жетістіктердің бірі –  2015 жылы
1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күніне орай  Қазақстан Республикасы Президенті – Жоғары Бас Қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арнайы қатысуымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және оның ішінде Әскери-тарихи музейдің ашылуы  болды.

ҚР ҚР Әскери-тарихи музейінде қазақ халқының ежелгі заманнан қазіргі уақытқа дейінгі әскери тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін ерекше және сирек кездесетін экспонаттар қойылған. Музейге кірген бетте орналасқан атриумға өткен ғасырларды бүгінгі заманмен тоғыстыратын барельефтер орналастырылған. Барельефтер түрлі тарихи кезеңдердегі көшпелі батырлардың қару-жарақтары мен соғыс киімдерінің ерекшеліктерін бейнелейді. Ал оның орталық композициясында  ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың және оның жанына жиылған жауынгерлер бейнеленген.

Музей алты негізгі залдан тұрады: ҚР Қарулы Күштері залы, Мерзімді көрмелер залы, Ежелгі дәуір – XIX ғасыр залы, XX ғасырдағы әскери тарих залы, XX-XXI ғасырлардағы қару-жарақ залы, Бейнелеу өнері залы.

Осы қысқа уақыт ішінде орталықта өткен түрлі іс-шаралар мен көрмелер туралы қысқаша мәліметтер:

2016 жылғы 11 сәуірде Халықаралық авиация және ғарышкерлер күнін атап өту, космос және инновация, жастардың ғылымды меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру, патриоттық сана-сезімнің жоғарлауын нығайту мақсатында Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, ұшқыш-сынақшы, ғарышкер-зерттеуші, генерал-майор, техника ғылымдарының докторы                              Т. О. Әубәкіровпен жастардың кездесуі өтті.

2016 жылғы 26 сәуірде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған Астана қаласының Орталық клиникалық госпиталі және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы бірлесіп ұйымдастырған «Әлем. Қуат. Адам» атты Халықаралық суретшілер байқауының қорытынды рәсімінің жұмысы өтті. Осы мерекелік іс-шара – Чернобыль АЭС апатына 30 жыл, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына және Астана қаласындағы Әлемдік ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған іс-шара өтті.

2016 жылғы 28 сәуірде Стокгольм қ. Армия музейінің «Өмір мен өлім арасындағы заттар» атты көрме өткізілді. Көрме күнделікті тұрмыстағы қалыптасқан жай заттар секілді көрінетін, бірақ мұның астарында озбырлық жылдары орын алған хаос пен соғыс кездеріндегі жанұясынан жырақта жүрген адам үшін, ең қымбат қасиетті естеліктер қойылған болатын.

          2016 жылғы 20 мамырда Халықаралық музей күні өтті. Музейде қазақ халқының дәстүрлі ойыны-асық ойыны ойнатылды, «Шеберлер ауылы» өздерінің шеберлік өнерін көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтары мальбертте сурет салып, викториналық ойындарға қатысты, 68665 әскери бөлімінің Құрмет қарауыл ротасының дефилесін, С.Нұрмағамбетовтің атындағы «Жас Ұлан» мектебінің орындауындағы «Барабандар шоуын», әскери жылдардағы әндер  баянмен орындалған попуррилер тамашалады.

          2016 жылғы 5 мамырда ҚР Президенті Мұражайымен бірлесіп «Ұлы Жеңістің белгілі кезеңдері» көрмесі  (1941-1945 ж. аралығындағы құпия болған құжаттар, фотосуреттер түсіндірмелерімен) және  ҚазҒарышпен бірлесіп радио күніне арналған «Өткен жылдардағы радиотехника» атты көрмесі, сонымен қатар, М.Мәметова мемориальдық музейімен
(Орал қ.) бірлесіп Мәншүк Мәметоваға және 100-қазақ атқыштар бригадасы қатысушыларына арналған «Дөңгелекті музей» жылжымалы көрмесі өткізілді.

ҚР ҚК имиджін қалыптастыру, патриоттық белсенділікті арттыру, мереке қарсаңында мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында 2016 жылғы
7 мамырда Отан қорғаушылар күні қарсаңында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының алаңында әскер өмірінің бір күні көрсетіліп, «Сарбаз ботқасынан» дәм тату акциясы ұйымдастырылды.

2016 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық әскери-патриоттық орталығында ҚР Мемлекеттік хатшысы Г. Әбдіқалықова болды. Іс-шараға мемлекеттік органдардың жетекшілері, еңбек ардагерлері, Қарулы Күштердің офицерлері қатысты. Сондай-ақ, Г. Әбдіқалықова жоғары оқу орындарының студенттерімен, «Жас Ұлан» республикалық мектебінің және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілерімен, Астана қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларымен кездесті. Кездесу барысында «Мәңгілік Ел» Патриоттық Актісін жүзеге асыру шеңберінде жастарға әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызды мәселелері талқыланды.

2016 жылғы 13 мамырда Ұлы Отан соғысының қазақ батырлары атты ғылыми семинар өтті. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жауынгерлік ерліктерін және есімдері көпшілікке танылмаған батырларды дәріптеу мақсатында зерттелмеген мәліметтерді анықтау;

2016 жылғы 1 маусымда «Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай, «Балалар біздің болашағымыз» атты мерекелік акциясы өтеді. Мерекелік акция күні Музейде балаларға арналған экскурсиялар, квест ойындары, викториналық сұрақтар, сурет жарыстары мен аквагрим, асқан ептілік пен күштілікке негізделген пантомималық ойын-сауықтар мен Астаналық цирктің арнайы бағдарламалары, концерттік бағдарламалар өткізіледі.

2016 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығын атап өтуге арналған «Майдан даласынан есімдер» атты көрмесі өтті. Көрмеде әртүрлі аймақтарда жүргізілген қазба жұмыстар кезінде табылған артефактілер келушілердің, қонақтардың назарына қойылды.

2016 жылғы 14 маусымда Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Зуқа батыр Сәбитұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Тәуелсіздік арманы және Зуқа батыр» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

2016 жылғы 4 шілдеде Амангелді Мұқажанның «Аңыз дала» атты жеке көрме өткізілді.  Көрмеде зергерлік өнері – ұлт өнерінің дәстүріне сай, қазақылықтың қаймағын және заманауи стильдің үлгісін көрсетті.

2016 жылғы 4 қыркүйекте «Жібек Жолы экономикалық белдеу» атты Гуань Хончэнь мен Шао Пудың Қазақстандағы жеке сурет көрмесі ашылды. Гуань Хончэнь ұзақ жылдардан бері шығармашылықта  тек табиғатпен тілдесіп, іштей үндесе алатын қырларын паш етіп келеді. Шао Пу еңбектерінде тұтас өзен-сулар, тау-тастар мен қалың орман аса бір шеберлікпен шым кестеленген.

2016 жылғы 22 қыркүйекте «Ақтөбе жері қаһармандық дастаны» атты көрмесі өтті.

2016 жылғы 15 қазанда Рамазанов Қайырбектің жеке коллекциясынан алынған медальдер, ордендер мен төсбелгілер   көрмесі ашылды.

2016 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының
25 жылдығына және музейдің ашылғанына бір жыл толуына қарсаңында «Ұлы дала: Әскери тарихы» атты тақырыппен ғылыми-әдістемелік конференциясы өтті. Конференция барысында төмендегі бағыттар бойынша талқылау жұмыстарын жүргізілді: 1. Қазақ даласының ежелгі және ортағасырлық көшпелілерінің әскери тарихы. 2. Алтын Орда кезеңінің әскери тарихы ХІІІ – XV ғғ. 3. Қазақ хандығы кезеңінің әскери тарихы ХV – XІX ғғ. 4. Ұлт-азаттық көтерілістердің батырлары. 5. ХХ ғасырлардағы соғыстардың тарихы.
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері: тарихы және бүгінгісі. Берель көрмесін өткізілді.

2017 жылдың 20 қаңтарында «Қазақстан жастар Конгрессі» Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Д.Назарбаеваның төрағалығымен және ҚР Бас штаб бастығының орынбасары, «Айбын» жас патриоттар Республикалық штабының төрағасы генерал-майор М.Таласовтың қатысуымен Қазақстанда әскери-патриоттық қозғалыстың дамуы, жастардың спортпен шұғылдануы, туризм мәселелері қозғалды. Кездесу барысында Д.Назарбаева жастар саясатын дамытудағы жетістіктерін атап, ауыл, аудандағы жастардың жұмысына ерекше қолдау көрсетілуі кажет екенін атап өтті. Сенатор мемлекеттік жобалар мен бағдарламалардың шалғайда орналасқан жастарға тез әрі нақты жетуін қамтамасыз ету керектігін айтты. Жиналыс барысында әскери-патриоттық бағыттың тұжырымдамалық жұмыстары, мектеп аралық спорт, жастар туризмі туралы тақырыптар талқыланды. Отырысқа Парламент депутаттары, Жастар саясаты саласына жетекшілік ететін ведомствалар, халықаралық Банктің төрағалары, жастар конгресінің серіктестіктері, жастар ұйымының көшбасшылары қатысты.

2017 жылдың 25 қаңтарда «Байқоңырдан Астанаға дейін: Қазақстан мен Франция арасындағы ресми кездесулерге 50 жыл» генерал де Голльдің Байқоңырға жасаған сапарына 50 жыл толуына орай және Қазақстан мен Франция арасындағы ынтымақтастыққа 25 жыл толуына орай көрме ұйымдастарылып, Париж—Сорбонна Университетінің қазіргі заманғы тарихының оқытушысы және Шарль де Голль Фондының сарапшысы Диана Грийер «Генерал де Голльдің Байқоңырға жасаған сапарының мәні» атты эксклюзивті конференция өткізді.

2017 жылғы 1 ақпанда 1944 жылы Эстонияны неміс-фашисттерінен азат ету барысында қаза тапқан 124-ші атқыштар дивизиясы 781 полкінің қатардағы жауынгері, 1912 жылы туған Сорокин Николай Федоровичтің рухына тағзым етуге арналған іс-шара өткізілді.

2017 жылдың 8 ақпанда «Тәжік-ауған шекарасындағы жауынгерлік ұрыс ардагерлерінің Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен Республикалық Форум өткізілді.

2017 жылы 15 ақпанда Кеңес әскерінің Ауғаныстан шекарасынан шығарылғанына 28 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету рәсімі өткізілді.

2017  жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Қазақстан Республикасының Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Д.Н. Назарбаевамен кездесу өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты Қазақстанда әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, нағыз жас патриот бейнесін көрсету және қазақстандық патриотизмнің құрылуындағы кадеттік сыныптардың алатын рөлін айқындау болды.

 

                         Полковник  А.Серікбаев

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері

Ұлттық әскери-патриоттық орталығының бастығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"