«Орталық-2019» халықаралық оқу-жаттығуы

Орынбор облысының «Донгуз» полигонында «Орталық-2019»  стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығулары жүргізілуде. Аталмыш шараға Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің әскери қызметшілері қатысуда.

Бөлімшелер бірнеше тактикалық эпизодтарды орындады. Оның негізгі мақсаты үйлестіру сұрақтары мен халықаралық терроризммен күресте әскерлердің іс-қимылдарының үйлесімділігін пысықтау және Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Тәжірибелік қимылдарды жүргізу үшін полигонға 20 мың бірліктен астам әскери техника мен қару-жарақтар, 600 шамасында ұшу апараттары тартылды. Оқу-жаттығу 16-21 қыркүйек аралығында өтеді.   

Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберіндегі халықаралық уағдаластыққа сәйкес оқу-жаттығу өз мәресіне жеткен соң Қазақстанның аумағы арқылы теміржол көлігімен және әуе маршруттары бойынша ұдайы орналасу орындарына Қытайдың әскери контингенті ілесіп жүретінін айта кету қажет. Теміржол транзитінің бағдары Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары арқылы өтеді. Қазақстан аумағы бойынша әскери техника Қазақстан армиясы әскери қарауылының ілесіп жүруімен ашық теміржол платформасында тасымалданады. Осы шарттар әскери контингенттің транзитін ұйымдастыру жөніндегі келіссөздер хаттамасында көзделген.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"