Орманның заңсыз кесілуін анықтады


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары ҚР Ауыл шаруашылығы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (ОШЖДК) тапсырысы бойынша 2018 жылдың басынан бастап республиканың орман қорының ғарыштық мониторингін жүргізуде.

Орман қорының сақталуына жүргізілген талдауға байланысты Павлодар облысының табиғат қорғау прокуратурасы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ-на өңірдегі орманды кесу динамикасын толық көрсетумен ғарыштық түсірілімдер беру туралы өтініш жасады. 2018 жылғы 23-27 тамыз аралығында орындарға – Павлодар облысының Железин, Қашыр, Павлодар аудандарына тікелей шығумен орманды заңсыз кесу және желсұлатпаларды анықтау бойынша прокурорлық тексеру жүргізілді. 
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Геоақпараттық деректер және қызметтер (ГАД және қызметтер) орталығының Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) деректерін өңдеу жөніндегі инженерлері орманды кесу мен желсұлатпаларды сәйкестендіру мақсатында жерлерде түсірілімдерді дешифрлеуді жүргізді. Отандық «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2»  ғарыш аппараттарынан ЖҚЗ деректерін өңдеу нәтижелері расталды және Павлодар облысында орманды заңсыз кесу анықталды. Компанияда табиғат қорғау прокуратурасы бұдан әрі жұмысын  өз құзыреті шегінде жүргізетінін хабарлады.

Павлодар облысының табиғат қорғау прокуроры Дәурен Кенбаев атап өткендей, жоспарланған кесулер тексеру тізіменен алып тасталды, зерттеу ғарыштық түсірілімдерде анықталған және орман кесу билеттері болмаған учаскелерді жүргізілді. Орманды заңсыз кесуден басқа, белгелінбеген желсұлатпалар анықталды.

Орман қорлары ғарыштық мониторингі жобасының басшысы, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ГАДжәнеҚ орталығының ЖҚЗ деректерін өңдеу басқармасының бастығы  Гүлжиян Қабдулова біздің агенттікке айтып бергендей ЖҚЗ бойынша компанияның орындайтын 44 міндетінің алтауы орман қорларының мониторингіне арналған. Бұл ретте олардың біреуі орман алқаптарын кесумен игеруді жерсеріктік бағалауға тікелей жатады. «2017 жылдан бастап 2018 жыл бойы кезеңде Қазақстан бойынша орманды кесу жөніндегі барлық ақпарат векторлық қабаттар түрінде ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің салалық геопорталына жүктеледі», - деп атап өтті ол. 

ЖҚЗ деректері бойынша ғарыштан орманның барлық өзгерістерін қадағалайтын «ғарыш орманшылары» деп аталатын команда жас және келешегі бар жастардан тұрады. Компанияның мамандары осы тақырыптама бойынша Қазақстанда, Үндістанда, Ресейде оқыды. «Бұл Орман шаруашылығы комитетімен тек бірінші жыл ғана орындалған жұмыс және жыл сайын біз міндеттер спектрін кеңейтуге және Қазақстан ормандары мониторингі бойынша бірлескен тиімді нәтиже алуға үміттенеміз», -деп атап өтті «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да.




Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"