Оралдағы "Зенит" зауыты "Кадекс - 2018" көрмесінде кемелер жобасын ұсынады

Бүгінде әлемнің әскери техника өндіруші компанияларының басын қосатын «KADEX-2018» көрмесі басталды. Осыған дейін аталмыш іс-шарадан тысқары қалмаған еліміздің іргелі «Қазақстан инжиниринг» акционерлік қоғамы биыл да отандық өнімдерді ұсынуда көш ілгері тұр.

ОРАЛДАҒЫ «ЗЕНИТ» ЗАУЫТЫ

 

«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ – еліміздің ірі әскери кәсіпорындарында бірыңғай қаржылық, өндірістік және технологиялық саясатты қамтамасыз ететін үлкен холдингтік құрылым. Көптен бері әскери аренада тәжірибе жинақтаған оның еншілес кәсіпорындары жыл сайын қорғаныстық өндірістік кешендердің қатарын толықтырып келеді.

Еліміздің күштік құрылымдарын отандық өніммен қамтамасыз етіп келе жатқан «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС кәсіпорны, «Қазақстан ASELSAN инжиниринг» ЖШС, «Семей инжиниринг», «Тыныс», «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» акционерлік қоғамдары және тағы басқа бірнеше еншілес кәсіпорындары биыл да өз өнімдерін ұсынбақ.

«Жалпы «KADEX» көрмесін алғашқы ұйымдастырған уақыттан бастап, ұйымдастыру шараларына ерекше белсенділікпен қатысып жүрген қазақстандық ұйым – «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы. Бұл компания көрмені ұйымдастырушылардың бірі ретінде мол тәжірибе жинақтады. Көрмені өткізу барысында отандық кәсіпорындардың мүм­кіндіктері мен келешегін, олар­дың Қазақстан Қарулы Күш­тері, өзге де әскерлер мен әскери құрылымдардың сұранысына сәй­кес дамуы сарапталады.

Осымен бесінші рет ұйымдастырылып отырған шараға компанияның еншілес кәсіпорындары белсенді қатысуы жоспарланған. Еліміздің әр өңірінде орналасқан зауыттарымыз қазірдің өзінде өз өнімдерін, өз жобаларын пысықтап, ұсынуда.

Солардың бірі – Оралдағы «Зенит» зауыты.

Оның іргетасы 1941 жылы қоршаудағы Ленинград қаласынан көшірілген «Двигатель» зауыты негізінде қаланған. Соғыс жылдары қорғаныстық мақсаттағы өнімдерді шығарған зауыт Қазақстанда бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталғаны бар. Кейін КСРО-ға К.Ворошилов атындағы машина жасау зауыты ретінде танылған ол қазіргі атауын 1991 жылы иеленді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ құрамына кіретін «Зенит» зауыты еліміз тәуелсіздік алғаннан бері мемлекеттік қорғаныстық тапсырысқа сәйкес ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ҰҚК Шекара қызметі үшін кемелер мен катерлер шығарып келеді. Сондай-ақ, мұнайгаз және басқа салалар үшін арнайы техникаларды және өзге де өнімдер жөнелтеді.

Аталмыш кәсіпорын күні бүгінге дейін 240 тоннаға дейін су ығыстырғыш катерлер мен кемелердің сериялық өндірісін игеріп, ҚР ҰҚК ШҚ үшін 100М «Сұңқар-М» жобасының 4 катері, 0200М «Бүркіт-М» жобасының 7 катері, 0300 «Барс» жобасының 4 катері, FC19 жобасының 4 шапшаң жүретін патрульдік катері, 0210 «Айбар» жобасындағы шапшаң жүретін патрульдік катерінің басты нұсқасы және тағы басқа да зауыттық кемелерді жасап, шығарды. Және де ҚР Қорғаныс министрлігінің тапсырысымен әскери-теңіз күштеріне арналған 250 «Барс-МО» («Қазақстан», «Орал», «Сарыарқа») жобаларының 3 ракеталы-артиллериялық кемесі де суға жіберілген болатын. Ал 2016 жылы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың құрамына кіретін кәсіпорын 600 тоннаға дейінгі салмақтағы кемелерді шығаруға қолға алды.

Биыл да игілікті іс қолға алынды. Мәселен, жақында «Орал «Зенит» зауыты» АҚ «Көгершін 450» және «Көгершін 650» жобалары катерлерінің өндірісін іске қосты.
Жаңа катерлер бұрын жасап шығарылған және алдағы уақытта жасалатын кемелердің жиынтығына кіретін және өзінің қызмет ету ресурсын толықтай жұмсаған жұмысшы катерлерді ауыстыратын болады. 
Бұл катерлер жүзу құралы ретінде, олардың негізгі мақсаты мемлекеттік шекараның мемлекеттік аумақтық және Каспий теңізінің Қазақстан бөлігіндегі құрлықтық қайраң суларын күзету кезінде заң бұзушыларды тез ұстау болып табылатын тексеру топтарын орналастыруға арналған жүзу құралы ретінде қолданылады.
«Көгершін 450» және «Көгершін 650» жобасы катерлерінің тұрқы (ұзындығы 4,5 м. және 6,74м., жалпақтығы 2,3м. және 2,4м.) жабық ұяшықтарымен, көбіктелген қатты полиэтиленнен (полиуретаннан) жасалған борттарымен, алюмини-магнилі қоспадан дайындалады. 
Катерлерге 6-8 адамға дейін сидыруға болады және тиісінше күндізде, түнде де ауа температурасы 00С бастап +500С дейін және борттың сыртындағы су температурасы 00С бастап +300С дейін болған кезде қолданылады.
Катерлерді құрастыру және жасау кезінде заманауи кеме жасау тәжірибесінің шарттары мен талаптары ескерілген. Оларда тек жоғарғы сапасымен, мықтылығымен және жөндеуге жарамдылығымен сипатталатын материалдар, тетіктер, құрылғылар және жабдықтар, сонымен қоса саймандар мен құралдар қолданылады. 

«Көгершін 450» және «Көгершін 650» катерлерінің басты үлгілерін жасауды аяқтаған соң және сынақтардың барлық түрлерін өткізгеннен кейін зауыт олардың құрастырылымдық тұжырымдамасының негізінде «Кептер-450» және «Кептер-650» атауларымен катерлердің азаматтық мақсаттағы нұсқаларын игеруді және нарыққа шығаруды көздеп отыр. 

Әлеуетті тұтынушылардың талаптары бойынша әртүрлі мақсатта қолдана алатын, атап айтқанда, құтқару-іздеу жұмыстары, су аумақтарын торуылдау, балыққорғау инспекциясының қажеттіліктері, теңіздердің жағалау аудандарында және ішкі су жолдарында қызметтік жүріп тұру және қызметкерлерді тасымалдау үшін және басқа мақсатта қолдану үшін катерлердің әртүрлі жиынтықтары және жабдықтаулары ұсынылатын болады. 

«Орал «Зенит» зауыты» АҚ-ы,  Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сенімгерлік басқаруындағы «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы АҚ-ның құрамына кіреді.

Айта кетейік, қазіргі таңда зауытта 1000-нан аса мамандар тер төгіп жатыр.

Көрмеге ұжым 2010 жылдан бері қатысып келеді. Қазір бесінші мәрте ұйымдастырғалы отырған ауқымды шараға өз өнімдерін дайындап жатыр.

«Алдыңғы жылы біздің зауыт кемелер мен катерлердің «Барс-300», «Бүркіт-200, «Сұңқар» және «FC-19» жобасы үлгілерін дайындап қойған болатын. Биыл да осындай өнімдеріміздің жобасын сіздер көрме павильонынан көре аласыздар. Кеме жасау, кеменің жобасымен айналысу – ауқымды іс. Біздің осы еңбектеріміз көпшіліктің көңілінен шығады деген ойдамыз», - дейді зауыт өкілдері.

Иә, уақыт таянған сайын халықаралық көрмеге отандық өнімдерін ұсынуды ниет еткен кәсіпорын қатары көбейіп келеді. Өйткені, бұл мемлекет­ара­лық серік­тес­тікті нығайту мақсатында және зияткерлікті, әскери өндірісті, техниканы және технологияны танытуға бірден-бір берер мүмкіндік.

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"