Оқуға түсудің жолдары түсіндірілді

Ақмола облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының өкілдерімен облыстың колледждері мен орта мектептерінде аталмыш институтқа оқуға түсу жөнінде түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Бүгінгі таңда институт әскери ұжымдарды басқаруға және Қазақстан Қарулы Күштері құрамалары мен әскери бөлімдерінің жарақтандыруында тұрған заманауи радиоэлектрондық құралдарды пайдалануға қабілетті офицерлерді дайындайтын еліміздегі бірден-бір жоғары әскери оқу орны болып табылады. Институтта зениттік, зымыран, радиотехникалық әскерлер, байланыс бөлімдері, авиацияны радиотехникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ әскерлер мен қару-жарақты басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің инженерлерін дайындау жүзеге асырылады. Оқу орнындағы оқу мерзімі 5 жылды құрайды. Оқу аяқталысымен түлектерге «лейтенант» әскери атағы беріледі. ҚР Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына оқуға түсу және әскери мамандықтарды оқу жаппай республикамыздың барлық жергілікті әскери басқару органдарында өткізіліп жатқанын айта кету қажет.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"