Оқу-жаттығу іс-қимылдары пысықталды

Әскери теңізшілер тактикалық топтар мен кеме құрамаларының оқу-жаттығу іс-қимылын пысықтау жөнінде курстық даярлықтан өтті. Әскери-теңіз күштерінде жауынгерлік кемелер құрамындағы тактикалық топтар, кеме құрамалары біртекті (әртекті) жауынгерлік іс-қиымылды даярлау және өткізу жөніндегі курстық міндеттерді пысықтау барысында жеке құрамды жауынгерлік жинақтауды жүргізді.

Курстың міндеттер барысында теңізшілер топ, құрама құрамында жүзу және маневрлеу кезіндегі кемелердің жинақылығын, қорғаныстың барлық түрі мен кемелер тобының қорғанысын ұйымдастыруды, сондай-ақ бірлескен іс-қимылды жүргізуді пысықтады. Курстық міндеттерді пысықтау аясында бүгінгі күні кемелерде 115 жауынгерлік оқу-жаттығу өткізілді. «Аталған іс-шара кеме экипажындағы жеке құрамды жоғары ептілікке, кемелердің бірлесе жүзуі кезіндегі жинақылыққа, жалпы кемеге және жауынгерлік бөлімге деген жауапкершілікке үйретеді», - деп 21814 әскери бөлімі командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары капитан-лейтенант Тәттімбет Әбікеев атап өтті.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"