Олимпиададан олжалы оралды

    Өткен аптада Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің жоғары білімнің білім беру ұйымдары курсанттарының математика пәнінен IV Халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті.

Халықаралық олимпиадаға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 7 елінен: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасынан командалар қатысты.
Олимпиада барысында «ТМД қатысушылары – мемлекеттердің әскери-оқу орындарында кадрларды дайындау жетілдіру: проблемалар, оларды шешу жолдары және келешегі» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірбиелік конференция өткізілді. Оған ТМД қатысушылары – әртүрлі мемлекеттердің ғалымдары және оқытушылары, әскери ЖОО-ның курсанттар командаларының жетекшілері қатысты. Мәжілістерде және секцияларда 96 баяндама мен хабарламалар тыңдалды. Баяндамаларда әскери білім және ғылым жай-күйінің мәселелері, ТМД мемлекеттердің әскери ЖОО-да жаратылыстану-ғылыми және инженерлік пәндерді оқыту мәселелері баяндалды. Сонымен қатар, профессорлық-оқытушылар құрамымен курсанттардың ғылыми қызмет саласындағы өзекті мәселелері қарастырылды.
Осыменен екінші рет өткізілген халықаралық олимпиадада институт курсанттары екі жыл қатарынан екінші орынды иеленіп келеді.
Олимпиаданың салтанатты жабылуы Алатау дәстүрлі өнер театрында өтті. Кеште елімізге еңбегі сіңген өнер қайраткерлері, «Салтанат» би ансамбілі, ҰҚК Шекара академиясының өнерпаздар тобымен қатар Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары өнерін көрсетті.

Запастағы майор Ербол ӘЛІБАЕВ


РЭжБӘИИ баспасөз қызметінің бастығы



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"