Өзара тәжірибе алмасты

Қазақстан Қарулы Күштері медициналық қызметі офицерлерінің тобы Сан-Антонио қаласының Техас штатында АҚШ Қарулы Күштерінің медициналық мамандарын даярлау бойынша төрт оқу-жаттығу орталығына барды.

Сапардың мақсаты тактикалық буын мамандарының әскери-медициналық дайындық бойынша ақпараттық алмасуы болды. Әскери медициналық мамандардың қазақстандық делегациясы АҚШ Құрлық әскерлері мен Әскери-әуе күштерінің әскери базаларында болып қайтты. Тактикалық буын мамандарымен жерүсті және әуе көлігінен зардап шеккендерді медициналық эвакуациялау жөнінде сабақтар өткізілді. Сапар шеңберінде екіжақты брифинг өткізілді. Екі елдің өкілдері Қазақстан Қорғаныс министрлігі Әскери медицина орталығының базасында американдық мамандардың қатысуымен нұсқаушылар мен парамедиктерді дайындау курстарын өткізу мәселелерін талқылады. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"