«Өзара іс-қимыл – 2018» оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті

Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Балықшы қаласы «Эдельвейс» оқу-жаттығу орталығының полигонында «Өзара іс-қимыл – 2018» ҰҚШҰ жедел ден қою ұжымдық күштерінің әскери контингенттерімен командалық-штабтық оқу-жаттығуы аяқталды.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты ҰҚШҰ жедел ден қою ұжымдық күштерін бірлесіп жоспарлау және қолданудың үлгілерін әзірлеу болды. «Өзара іс-қимыл» оқу-жаттығуы - бұл ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттері әскери қызметшілерінің жауынгерлік шеберлігін жетілдіру, коалициялық топтама құрамында жауынгерлік іс-қимылдарды жоспарлау шеберлігі, өзара іс-қимыл мен жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру бағытындағы тағы бір елеулі қадам. Қазақстанның Қарулы Күштерінен оқу-жаттығуға Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 18404 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қатысты. «Өзара іс-қимыл – 2018» ҰҚШҰ ҰЖДК-ның әскери контингенттерімен өткізілген командалық-штабтық оқу-жаттығуға 2000-ға жуық әскери қызметші, 300 бірлік техника, 40-қа тарта ұшу аппараты, оның ішінде, ҰҰА тартылды. Қырғыз Республикасындағы маневрлер «Жауынгерлік бауырластық – 2018» ҰҚШҰ-ның жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының бірыңғай ниеті шеңберінде әскери қақтығысты шешу фазасының шешуші іс-шарасы болды.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерінің әскери қызметшілері оқу-жаттығу барысында бірлесіп жауынгерлік, материалдық, техникалық және өзге де қамтамасыз ету түрлері бойынша қойылған тапсырмаларды шешу кезінде әскерлердің өзара іс-қимыл тәртібі, сондай-ақ бірлескен операцияны жан-жақты қамтамасыз етуді жоспарлау мәселелері пысықталды, жауынгерлік оқ атумен практикалық іс-қимылдарды өткізе отырып, берілген аудандарға шығулар жүзеге асырылды.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"