Өз өнімдеріміз көрменің көркін келтіреді

Санаулы күндерден соң «KADEX-2016» халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі төртінші мәрте көпшілікке есігін айқара ашпақ. Байрақты шараға дайындық жыл бұрын басталса да, дәл қазіргі сәтте қыза түскен. «Тас түскен жеріне ауыр». Көрменің ұйымдастырылуына жауапты Қорғаныс министрлігінің Әскери техника саясаты департаменті мамандарымен «KADEX-2016» жөнінде тілдескен едік, көп жаңалықтың тиегін ағытты. Оқырмандар да хабардар болсын деген ниетпен, ортаға салдық...

Көрмеге әрбір тілек білдіруші компания қатыса алады екен. Олар ұйымдастырушыларға өтініштері негізінде әскери және қосарланған мақсаттағы өнімдері мен соңғы жетістіктерін көрмеге шығара алады. Бұдан бөлек, көрме павильондарында "Қазақстанда жасалған" атты тақырыптық экспозициялы ашық көрме алаңын ұйымдастыру жоспарланып жатқан көрінеді. Онда экспортқа бағдарланған тәжірибелі және сериялық техника үлгілері, отандық қорғаныстық-өнеркәсіптік кешендердің әскери және қосарланған мақсатта өндірілген өнімдері көпшілік назарына ұсынылмақ. Мәселен, «А-400М» әскери-көліктік ұшағы, «Y-9» әскери-көлік ұшағы, «Як-130» оқу-жауынгерлік ұшағы, «Ми-35М» көліктік-әскери ұшағы, «Ансат-У» оқу-жаттығу тікұшағы, «Ми-8МСБ» көпмақсатты жаңғыртылған тікұшағы, «AW-119Ke» жолаушылар тікұшағы, "Тор-М2" ҚРЗ, "Оса" ҚРЗ, «Т-72Б» жаңғыртылған танкі, "Орал" брондалған автомобильі, "Камаз" және басқа осы сынды техникалар.

Жабық көрме павильондарында атыс қаруының жаңа және жаңғыртылған үлгілері, арнайы құралдар, түрлі байланыс құралдары, тылдық және медициналық мүліктер, сондай-ақ әскери және қосарланған мақсаттағы басқа да өнімдер ұсынылатын болады.

Көрменің игілігін Қазақстан Қарулы Күштері ғана еншілемейді, ел экономикасына да едәуір септігін тигізеді, «Төртінші халықаралық "KADEX-2016" қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесінің артықшылықтарын былай тізбелесе болады: біріншіден, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешендерінің, екіншіден, кәсіпорындардың дамуын жетілдіреді, ілгерілеуіне қосымша жағдай жасайды. Екіншіден, жетекші шетелдік компаниялар мен отандық тауар өндірушілердің әскери-техникалық ынтымақтастығы нығая түседі. Бұны да үлкен жетістіктер қатарына қосуға әбден болады. Өйткені, ынтымақтастық артқан сайын, тәжірибе алмасамыз. Тәжірибе алмасқан соң, өнімдеріміздің сапасы да жоғарылай бермек. Бұл халық қазынасының артуына ықпал етері сөзсіз. Ал үшіншіден, спектрін анықтау үшін өзге өнімддерді сатып аламыз. Және, ең бастысы, Қазақстан Республикасының қару-жарағы мен әскери техникасы халықаралық аренада осы беделді іс-шара арқылы оң имиджге ие болады, беделіміздің биіктей түсуіне әсер етеді» дейді департамент бастығы, полковник Бақыт Құрманбаев.

Қазіргі уақытта бірқатар ТМД елдерінің, сондай-ақ таяу және алыс шет мемлекеттердің қорғаныс өкілдері қазақстандық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне үлкен қызығушылық білдіріп, қатысатындықтарын растап үлгерген. Олардың арасында қару-жарақ өндірісінде танымал брендтерге елдер де бар. Айталық, Ресей Федерациясы, АҚШ, Франция, Италия, Германия, Израиль, Испания, Чехия, Венгрия, Болгария, Нидерланды, Польша, Австрия, Қытай, Үндістан, Сингапур, Пәкістан, Иордания, Индонезия, ОАР, Оңтүстік Корея, Бразилия елдері. Көрмені ұйымдастырушылардың ағымдағы жылғы 16 мамырдағы есебінше, шамамен 330 компания халықаралық көрмеге қатысуға ниет білдірген. Мұндағы 113 компания өз еліміздің кәсіпорындары болса, қалған 217-сі шетелдік. Айта кету керек, бұл – түпкілікті көрсеткіш емес, өйткені, өтінімдер күн сайын түсуде.

2010-2014 жылдар аралығында өткен қазақстандық көрме шетелдік әріптестер тарапынан қызығушылықтарын арттырғанын көрсетті. Өйткені, халықаралық шараға отандық компаниялармен бірге, қатысушы шетелдік компаниялардың, келушілер мен ресми делегацияның саны жылдан-жылға өсіп отырғаны байқалған. «KADEX-2016" көрмесін жылдағыдан ұлғайта түсу жоспарланды. Біз биылғы қатысушы компаниялардың санын 310-ға, оның еліміздегі қатысушыларын 100-ге, шет мемлекеттердікін 210-ға көбейтсек деп ниеттенген едік. Алайда, қазіргі уақыттың өзінде бұл көрсеткіштен біз асып түстік. Бұл – үлкен жетістік. Көрме қорытындысында 35-ке жуық әр түрлі келісім-шарттарға қол қою жоспарланған, ниет хаттамаларының және ынтымақтастық туралы меморандумдардың нәтижесін жалпы сомасы 2.7 млрд АҚШ долларына жеткізсек дейміз» дейді Бақыт Жанұзақұлы.

Қазіргі жағдайда Қазақстан Қарулы Күштерін техникалық жарақтандыру армияны жауынгерлік даярлық жағдайда ұстаудың басты мәселесі болып табылады. Осыған байланысты отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту аса маңызды бағыт ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы аумағында әскери және қос мақсаттағы өнімді шығаруға маманданған барлығы 100-ден астам кәсіпорын қызмет істейді. Кейбіреуі Кеңес заманында құрылған. Олар С.Киров атындағы Алматы машина жасау зауыты, Петропавл ауыр машина жасау зауыты, «Металлист» Орал зауыты – кейін «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ деп атын ауыстырды, К.Ворошилов атындағы Орал машина жасау зауыты, қазіргі  «Зенит Орал зауыты» АҚ, «Брондітанк жөндеу зауыты» РМК – қазіргі уақытта «Семей инжиниринг» АҚ, №405 және 406ГА авиажөндеу зауыттары.      

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы қорғаныс өнеркәсібінің әскери өнімдерінің жаңа үлгілерін әзірлеуге, олардың өндірісін реттеуге, сондай-ақ қару-жарақтың қызметтік бейімділік айналымы кезеңінде техникалық сүйемелдеуді жүзеге асыруға  қабілетті  жеткілікті маманы мен өндірістік әлеуеті бар. Соңғы жылдары әлемдік деңгейдегі өнім шығаратын жоғары технологиялы жаңа кәсіпорындар құрылды. 2011 жылы құрылған «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» кәсіпорны ЕС-145, ЕС-635 жаңа тікұшақтарымен қамтамасыз етуге қабілетті. 2012 жылы іске қосылған «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» зауыты қазақстандық армиядағы қажеттілікті оптика-электрондық құралдардың кең түрлерімен толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді. 2015 жылы құрылған  «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» кәсіпорны жұмысының басталуымен Қарулы Күштерге броньды дөңгелекті машиналардың қазіргі заманғы үлгілері келіп түсе бастады.  Қолдағы кәсіпорындарды технологиялық жаңғырту қолданыстағы әскери техниканы жаңғырту бойынша олардың мүмкіндіктерін кеңейтті. «Семей Инжиниринг» акционерлік қоғамы зауытын қайта жөндеу броньды техниканың барлық түрлеріне күрделі жөндеу мен жаңғырту жүргізуге мүмкіндік берді. Бұрын Совет Армиясы үшін ракета техникасын шығаруға маманданған «Петропавл ауыр макшина жасау зауыты» акционерлік қоғамы қазіргі уақытта реактивті дүркін ату жүйесін шығаруды меңгерді. «Киров атындағы зауыт» акционерлік қоғамы әртүрлі мақсаттағы радиостанциялардың жаңа үлгілерін шығаруға кірісті.

Осымен қатар Авиациалық-техникалық орталықтың құрлысы аяқталуда, сонымен қатар Қазақстан патрон зауытын салу басталды.

Негізгі ҚӨК өнеркәсіптердің өнімдері «KADEX-2016» Халықаралық көрмесінде ұсынылады. Көрмеге қатысатын 73 қорғаныс өнеркәсібі кешені 400-ге дейін шығаратын жаңа өнімдерін ұсынады.  

Көрме Қазақстан қорғаныс өнеркәсібі кешені құрамымен және отандық кәсіпорындарда жасалатын өнімдермен  танысуға мүмкіндік береді. Осы кәсіпорындар сауда және кооперация байланысына ашық, мүдделі тараптармен өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын. Көрме Орталық Азия аймағында бірегей болып табылады, әскери индустриялық мамандары қару-жарақтың перспективалық жобалармен танысады, сонымен қатар шет мемлекеттермен және қорғаныс компанияларымен (елдер) келісім шарттарға, мемарандумдарға  қол қоюға мүмкіншіліктер бар.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"