Өскелең ұрпаққа өнеге

85395 әскери бөлімінің мотоатқыштар батальонының механик-жүргізушісі сержант Төленбек Жарқынбекұлы Жанатаев – Отар гарнизонында  өткен «Халықаралық Армия ойындары-2017» жарысына қатысып,      «Артиллерия ату шебері» сайысынан жүлделі бірінші орынға ие болған жан. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен наградталған.  

Т.Жанатаев – төрт баланың әкесі. Үшеуі – мектеп жасындағы балалар, Тараз қаласындағы №36 мектепте оқиды. 85395 әскери бөлімінің әйелдер кеңесі №36 мектептің әкімшілігімен бірлесе отырып, Төленбек Жанатаевтың балаларының сыныптастарына олардың әкесінің ерлігін көрсету және өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында  оқушыларға арнап  «Біздің заманның жайсаң батыры» тақырыбына арналған ерлік сабағын өткізді.  85395 әскери бөлімінің күнделікті тіршілігі, жетістіктері және Республикамыздың Қарулы Күштері жайында осы әскери бөлімнің зениттік дивизионы командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары капитан Ерболат Нұрланұлы Әлжанов әнгімелеп берді. Шара барысында «АрМИ-2017» жарысынан бейнешолу, фотосуреттер жиынтығынан слайд көрсетілді.  Сөз кезегінде Төленбек Жанатаев  жарыс кезіндегі қиыншылықтары, қуанышты сәттері және жеңіске жеткендегі әсерлерін бөлісті.  
Мектеп директоры Е. Абдумаликов Т.Жанатаевқа 4 сыныпта оқитын қызы Ақмаралдың осы мектептің мақтанышы, озат оқушысы, түрлі оқу жарыстарының жүлдегері екенін атап өтіп,  мектеп ұжымы атынан осындай өнегелі ұл-қыз тәрбиелеп отырғанына алғысын білдірді. Жиын соңында 11 сынып оқушылары өздерінің әскери ағаларына арнап дайындаған  қоян-қолтық ұрыс көрінісін көрсетті.
«Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады» - деп Б.Момышұлы атамыздың қағидасында айтылғандай, осы әскери-патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында өткізген іс-шарамыздың  өскелең ұрпақтың түйсігінде алар орны көп болар деген сенімдеміз.
А.БАЙСЕИТОВА
85395 әскери бөлімі Әйелдер кеңесінің төрағасы

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"