Нұрсұлтан Назарбаев Сәкен Жасұзақовтың жаңа қызметі туралы айтты

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Сәкен Жасұзақовтың Қорғаныс министрі лауазымына тағайындалғаны туралы айтып, қазіргі сын-қатерлердің алдын алу және оны жою ісіндегі әскердің айрықша рөлін атап өтті.

– Келесі жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің құрылғанына 25 жыл толады, бұл еліміздің тарихындағы маңызды белес болып саналады. Әскер – егемендіктің басты кепілі. Өңірде және әлемде қалыптасқан қазіргідей күрделі кезеңде Қарулы Күштердің рөлі артып келеді. Халықаралық терроризмнің қауіп-қатерлері, гибридті соғыстар, белең алып келе жатқан қарулану бәсекесі ұлттық қауіпсіздік мәселелеріне баса көңіл бөлуге мәжбүрлеп отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы айрықша назар аударуды қажет ететін бірқатар басым бағытты атап өтті.

– Әскери тәртіпті жетілдіру, әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру және Қазақстан әскерінің жауынгерлік даярлығын жоғары деңгейде ұстау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет. Қарулы Күштерді заманауи қару-жарақпен және техникамен жарақтандыра отырып, әскери дайындық мәселелерін одан да сапалы деңгейге жеткізу керек. Ол үшін барлық қажетті қаражат бөлінетін болады. Біз өзіміздің дамыған әскери-техникалық өнеркәсібімізді қалыптастыруға тиіспіз. Осыған байланысты, тиісті құрылымды арнайы корпорацияға немесе әскери-өнеркәсіптік кешен жөніндегі министрлікке айналдыру мәселесі қарастырылатын болады, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір маңызды мәселе әскери қызметшілердің жаңа буынын қалыптастыру екенін айтты.

– Сол үшін тиісті оқу орындары, университеттер ашылды. Енді әскери қызметшілерді даярлау сапасын арттырумен айналысу керек, – деді Қазақстан Президенті.

Жаңа Қорғаныс министрі С.Жасұзақовты таныстырған Мемлекет басшысы  оның мол тәжірибесі мен кәсіби машығы бар екенін атап өтті.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев И.Тасмағамбетовке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдіріп, елдің Премьер-Министрінің орынбасары лауазымына тағайындалуымен құттықтады. 

«Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов менің айтқан тапсырмаларымды жақсы орындады. Менің Жарлығым бойынша премьер-министрдің орынбасары қызметіне келді. Ол осы қызметте де әділ болатынына және берілген тапсырмаларды толықтай орындайтынына сенемін. Иманғали Тасмағамбетовқа министрлікте атқарған жұмысы үшін алғыс айтамын, тек сәттілік тілеймін», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Қазақстан Президенті қатысушыларға елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қазақстан армиясының жауынгерлік даярлығын арттыру ісінде табыс тіледі.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"