Нұрсұлтан Назарбаев қорғаныс өнеркәсібіне баға берді

Елбасы – ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы әскери өнеркәсіп көрмесінде болды. Онда Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпорындар шығарған әскери техникамен танысты.

Елбасына отандық қорғаныс өнеркәсібінің өндірістік мүмкіндігі мен жоғары инновациялық әлеуеті көрсетілді.

Көрмені аралап шыққан соң Нұрсұлтан Назарбаев «С.М.Киров атындағы зауыт» АҚ, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ және «ЗИКСТО» АҚ әскери-өндіріс кәсіпорындарының инженерлерімен және конструкторларымен әңгімелесті.

Әскери техника құрастырумен қатар, электрлік белгі беру жабдықтарын, азаматтық және арнайы мақсаттағы радиостансаларды, мұнай-газ секторы мен энергетика кешені кәсіпорындары үшін өнеркәсіп құрылғыларын, вагондар (ашық вагондар, астық таситын вагондар, платформалар) және көлік саласы үшін басқа да өнім түрлерін шығару мен жаңарту аталған кәсіпорындардың негізгі қызметі болып саналады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"