Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты

Салтанатты шараны ашқан Елбасы қатысушыларды алдағы Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс мерекесімен құттықтады.

– Қалыптасқан игі дәстүр бойынша мемлекеттік наградалар сіздерге Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күнінің қарсаңында тапсырылып отыр. Бұл мерекелер бізге айрықша қымбат. Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы аға буынның ерен ерлігі мен асқан батырлығының үлгісіне айналды. Мұны әрқашан есте ұстауға тиіспіз, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы құқық қорғау құрылымдары мен армияның ел қауіпсіздігін және тәуелсіздігін қамтамасыз етудегі айрықша рөліне тоқталып, олардың адал қызметі мен кәсібилігі жоғары бағалануға, зор құрметке лайық екенін атап өтті.

– Сіздер Отанға қалқысыз қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетіп келесіздер. Туған жерге деген айнымас адалдықтарыңыз бен ерлік істеріңіз – өскелең ұрпақ үшін өшпес өнеге. Еліміздің әскери қызметшісі және құқық қорғау құрылымының қызметкері атағын алдағы уақытта да абыроймен алып жүретіндеріңізге сенімдімін. Біз сіздердің қиындыққа толы қызметтегі, халық игілігі жолындағы ерен еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Елбасы марапатталушыларға мінсіз қызметі үшін алғысын білдіріп, оларға зор денсаулық, бақ-береке, жаңа табыс тіледі.

– Мен бүгін осы наградаларды сіздерге зор ықыласпен тапсырамын. Бұл – еңбектеріңіздің, мінсіз қызметтеріңіздің бағалануының нәтижесі. Әскери қызметшілер, құқық қорғау жүйесі – мемлекетіміз бен тәуелсіздігіміздің тірегі. Сіздер награданы елеулі кезеңде – еліміздің Қарулы Күштерінің 25 жылдығында алып отырсыздар, – деді Қазақстан Президенті.

Салтанатты шара барысында І дәрежелі «Даңқ» орденімен Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Б.Асылов, Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Нысандарды қорғау қызметінің бастығы М.Аюбаев, Ұлттық Ұланның бас қолбасшысы Р.Жақсылықов, Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының бастығы Қ.Қаражанов, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы М.Майкеев марапатталды.

ІІ дәрежелі «Даңқ» ордені Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы И.Лепехаға және Қорғаныс министрлігі «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерінің қолбасшысы Д.Оспановқа тапсырылды.

І дәрежелі «Айбын» орденімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департамент бастығының бірінші орынбасары Д.Бартенов марапатталды.

ІІ дәрежелі «Айбын» ордені Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана қалалық департаментінің басқарма бастығының орынбасары И.Әуесбаевқа, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Батыс Қазақстан облыстық департаментінің басқарма бастығы Т.Ғиззатовқа, Мемлекеттік күзет қызметінің департамент бастығының орынбасары Е.Лавренюкке, Қорғаныс министрлігі №30212 әскери бөлімінің командирі Т.Сапарбаевқа, Қорғаныс министрлігі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскері қолбасшысының бірінші орынбасары Т.Исмаиловқа тапсырылды.

ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Мемлекеттік күзет қызметінің Нысандарды қорғау қызметі 0112 әскери бөлімінің салтанатты рәсім батальоны бөлімшесінің командирі Н.Ахметуллин, Қорғаныс министрлігі Кадет корпусының сержанты М.Рахымбеков марапатталды.

«Ерлігі үшін» медалі Ішкі істер министрлігі Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің аға жедел уәкілі Б.Айтеленовке, Ішкі істер министрлігі Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі КА-168/3 мекемесінің жедел бөлімшесінің бастығы Н.Жидехановқа, Ішкі істер министрлігі Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің №8 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі А.Салкеевке, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департамент басшысының орынбасары Ж.Тәжібаевқа тапсырылды.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Үкіметтік байланыс қызметі басқармасының бастығы Ә.Әзімбаев, Қорғаныс министрлігі 41433 әскери бөлімінің командирі С.Елубаев, Қорғаныс министрлігіне қарасты Армия орталық спорт клубының – Спорт комитетінің нұсқаушы-сержанты А.Райкова, Қорғаныс министрлігі №55652 әскери бөлімінің авиациялық эскадрилья командирінің орынбасары Н.Тергеубаев, Қорғаныс министрлігі №32363 әскери бөлімінің десант-шабуыл батальонының командирі А.Төлегенов марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медаліне Қорғаныс министрлігі Бас әскери клиникалық госпиталі бастығының орынбасары – медицина бөлімінің бастығы Г.Байділдаева ие болды.

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений

Инфографика: как в казахстанской армии работают над профилактикой правонарушений