Наурызды қай ел қалай қарсы алады?

Наурыз – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен ұлттар ұйымының бас ассамблеясының 64-қаулысына сәйкес 21 наурыз - «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің берген түсініктемесінде «Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда және Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын» мәлімдеді. Ал ЮНЕСКО болса, 2009 жылдың 30 қыркүйегінде Наурыз мейрамын адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы тізіміне енгізді.
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші, 22 наурыз мерекесін әр ел әрқалай тойлайды.

Әз Наурыз Әзірбайжанда
Наурыз мейрамы немесе сол тілде айтқанда Новруз байрамы – Әзірбайжан халқының да ең сүйікті мерекелерінің санатында. Бұрындары осы мейрамның құрметіне жергілікті халық 6 күн қатарынан жұмыс істемей, молынан берілген демалыс күндерін әзірбайжандықтар көңіл көтеріп, асыр салып, тойлатумен өткізетін болған. Тәуелсіздік алған соң бұл мереке ресми түрде аталып өте бастаған. Бірақ бұл жайт демалыс күндерінің мерзімін қысқартып, мейрамды 21-і мен 23 наурыз аралығына қойған екен. Десе де қазіргі таңда да елдің Оңтүстік өңірінде сол баяғы ескі дәстүр сақталып қалған екен.
Бұл елде наурыз мерекесіне дайындық біздегідей бірнеше күн бұрын басталады. Дәлірек айтсақ, ескі жылдың соңғы сәрсенбісі, яғни «ахыр чершенбе» күнінен бастап, Жаңа жыл қамына кірісетін көрінеді. Сол күні үй мен ыдыс-аяқтарын тазалап, қайтқан туған туыстарына дұға етеді. Ал Жаңа жыл кірген күні ерте тұрып, өзенге немесе бұлақ басына барып, шомылады. Солайша жаңа жылдың бірінші күнін таза ниетпен, ақ пейілмен қарсы алады. Сондай-ақ бұл Жаңа жылдың бірінші күнінде әзірбайжандықтар оразасын балмен немесе қантпен ашады. Бұл өмірі бал мен шекер сынды тәтті болсын деген ниеттері. Тағы бір айта кетерлік жайт, олар сол күндері үйін жұпар иісті түтінмен тазалап шығады. Солайша үйді жын-шайтаннан, өздерін теріс пиғылдан тазалайды. Артынша тәтті-дәмділерін қойып, бір-бірін қонаққа шақыра бастайды. Мерекенің қуанышымен-ақ өтіп кететін Жаңа жылдың алғашқы күні олар да түрлі ас қойылған ақ дастарқанмен қарсы алады. Ас мәзірінен «йеди-левин» тағамы да қалыспайды. Бұл тағамның біздің наурызкөжемізге ұқсастығы бар. Оған да жеті түрлі дәм қосылады. Сондай-ақ бұл елдің дастарқанынан «с» әрпінен басталатын дәстүрлі сумах тағамы, скед – яғни сүт, сірке суы мен бидай мен ұннан жасалған семени ботқасын көре аласыз.
Дастарқанға айна мен балауыз және боялған жұмыртқа міндетті түрде қойылады. Өйткені айна мен жұмыртқаның бұл күні атқарар рөлі ерекше. Әзірбайжан халқының ежелден келе жатқан аңызы бар. Ол аңызға сенсек, жер үлкен өгіздің мүйізінде тұр. Жаңа жыл кіргенде бұқа жерді бір мүйізінен екінші мүйізіне ауыстырады. Дәл сол кезде жер қозғалып, көптен күткен Жаңа жыл да кіреді. Міне, сол жердің қозғалған сәтін қалт жіберіп алмау үшін айнаның үстіне боялған жұмыртқаны қояды. Жұмыртқа орнынан сәл қозғалса немесе қимылдаса – Жаңа жыл кірді деген сөз.
Әзірбайжандықтардың салты Иран жұртының дәстүріне ұқсас. Иран халқы үшін Наурыз басты мереке. Яғни олар біз секілді Жаңа жылды екі рет тойлап, әуреге түспейді. Көктемнің бұл айын ирандықтар Фавардин атап кеткен. Жаңа жыл кірмес бұрын ирандықтар жасамық, бидай сынды дәнді дақылдарды өсіріп, солардың өскінімен үйлеріне әшекей жасайды. Бұл – үйден тоқшылық кетпесін дегені. Сондай-ақ өсіп-өркендеудің нышаны іспетті. Дәнді-дақылдардың өскіні үйде 13 күн тұрып, содан кейін өзенге тасталады.
Бұл елде де ескі жылдың ақырғы сәрсенбісі ерекше күн. Сәрсенбінің сәтінде Иран жұрты үлкен от жағады. Бұл жаңаруды білдірсе керек. Сонымен қатар жаңарудың белгісі ретінде бұл күнде қандай да бір жаңа киім алуы міндетті екен. Ирандықтар Наурыз мейрамының тағамын жеті жаңғақ түрлерінен жасайды. Бұл ас түрімен бірге дастарқанға Құран қойылады. Бұл дін беріктігінің нышаны болар. Жаңа күн туғанда ел ақсақалдары жасы кіші балаларға күміс немесе алтыннан жасалған тиын табыс етеді. «Аиди» деп аталатын бұл дәстүр келер ұрпақ аталарының жолын қуып, жасына-жас қосылып, үбірлі-шүбірлі болсын дегенді білдіреді. Түркияда да бұл күндері ұлттық тағамдар дайындалып, мол дастарқан жайылады. Бұл айды түріктер «Сұлтан невруз» атаған. Мереке күндері олар да бір-бірінің үйін аралап, амандық сұрасып, Жаңа жылмен құттықтайды.
Түркіменстан қалай тойлайды?
Түркімен халқы жыл басын «Невруз» деп атайды. Мереке қарсаңында үй-іші тазартылып, ұлттық тағамдар әзірленеді. Бұл күні дайындалатын тағам неғұрлым көп болса, соғұрлым келер жыл ырысқа толы болады деп болжайды. Невруз күніне орай түрікмен халқы «семени» деп аталатын ұлттық тағамдарын дайындап, келген қонақтарға ұсынады.
Түрікменстан жұрты да бұл күнге алдын ала дайындалады. Яғни ескі жылда істелетін жұмысты жаңа жылға қалдырмау қағидасы бар. 5-6 күн бұрын басталатын дайындық барысында олар үй-жайын реттеп, тазалап, тағам дайындауға кіріседі. Бірінші астың атасы – нанды, одан кейін түрлі ұлттық тағамдарды пісіреді. Келесі жылдың табысты болуы үшін дастарқанды барынша молынан жаюға тырысады. Ал мереке күні палау пісіріледі. Сонымен қатар ұн мен қанттан және бірнеше дәнді дақыл түрлері қосылатын «семени» тағамы қатар дайындалады. Сол күні дастарқанға арабтың «син» әрпінен басталатын жеті тағам түрі де қойылуы парыз екен.
Өзбекстандағы өзгеше той
Палаудың отаны – Өзбекстанда бұл мереке ұзаққа созылады. 13 күн бойы өзбек жұрты туған-туыстарын аралап, той тойлайды. Олар 13 күн бойы істеген игілікті ісі айдан-айға ұласып, бір жыл бойына жалғасады деп сенеді. Сол себепті де бұл күндері ескі реніш пен қарыздарын кешіріп, барынша көңілді жүруге тырысады. Мерекенің алғашқы күндері түрлі ұлттық ойындар ұйымдастырылып, мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Бұл мейрам Самарқан мен Бұқар асып, той тойға ұласады. Бір қызығы, келесі жылдың қандай болатынын бұл халық үйге келген алғашқы қонақтың құтты қадамымен өлшейді екен. Ол адам жайдары, көңіл күйі көтеріңкі болса, жыл жақсы өтіп, үйге бақыт кіреді деген сөз. Ал тоқтықтың белгісі ретінде мейрам күндері әрбір үйдің дастарқанына «сумалак» асы қойылады. Бұл ас та бидайдан жасалады.
Жалпы Самарқанда, Бұқара, Андиджан қалаларында Наурыз мерекесін тойлау 21 наурызда бастау алып, бір аптаға созылады. Бұл күндері өнерпаздардың қатысуымен мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Мерекенің алғашқы күнінде өзбек халқы бір-бірінің үйіне қонаққа барып, ұлттық тағамдардан ауыз тиеді. Қала көшелері мен алаңдарда ұлттық ойындар ұйымдастырылып, сахналық қойылымдар көрсетіледі.

Тәжікстандағы тағам түрлері
Тәжікстан жұрты да осы «суманақ» немесе «сумалақ» тағамын әзірлейді. Бұл елде Наурызды 21-і мен 24 аралығында тойланады. Барлық жоғарыда аталған елдердегі секілді тәжіктер де тағамның мол болғанына көп көңіл бөледі. Жаңа жылдың алғашқы күні дастарқанға ұн мен еттен жасалған тағамдар көп қойылады. Сумалақты дайындау бір апта бұрын басталатын көрінеді. Дәл мерекеге әзір болған тағамға бірінші құран оқылып, содан кейін туған-туыс пен көрші-қолаңға таратылады. Ол жақтың жұртында тағамды татпас бұрын іштей тілек тілейтін дәстүр де бар көрінеді.
Қырғыз жұртының қызығы
Қырғыз көршіміз де бұл күні «ноорузкөжесін» пісіріп, туған-туыстың басын қосып мәре-сәре болады. Бұл күндері қырғыз жұрты ұлттық киімдерін киіп, көрші-қолаңды аралап, Жаңа жылмен құттықтап шығады. Байқасаңыз, біздің елден еш өзгешелігі жоқ. Тек тағам түрлері бөлектеу. Қырғыз халқы бұл күндері наурыз¬көжемен қатар «ауз көже» мен «кавут» дәстүрлі тағамдарын дайындайды. Сонымен бірге, жылдың алғашқы күнінде алыс-жақын туыстар кең жайылған дастархан басында бір-біріне ізгі тілектер айтады.




Түрік халқы татуласады

Ежелгі түрік аңызына сүйенер болсақ, бұл күні түрік халқы қоршаудан аман-есен шыққан. Сондықтан да, Наурызды түрік халқы «Жыл басы» деп есептейді. Түркияның әр аймағында Наурыз мерекесін тойлаудың өз дәстүрі болғандықтан, бұл мерекенің ел арасында «Айдың соңы», «Сұлтан неврузы», «Невруз сұлтан» деген басқа атаулары бар.
Мереке қарсаңында ұлттық тағамдар пісіріледі. Күллі жамағат таза киімдерін киіп, бір-бірлерінің үйіне барып, мерекемен құттықтайды. Бұл күні бейіт басына барып, дұға оқытылады. Қала көшелерінде мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Мереке күндері қалың жұрт көңіл көтеруге міндетті. Араздасып қалған жағдайда, дереу татуласып, бар өкпе-реніштерді ұмытуы тиіс.

Иранның ежелгі мейрамы

Иран халқы үшін Наурыз – басты мереке, ең ежелгі мейрамы. Иран мәдениетінде Наурыздай кең тараған ұлттық мереке сирек кездеседі.
Зерттеуші ғалымдардың сенімінше, осы ежелгі салт пен мейрам көп қырлы әрі мифологиямен байланысты болып келеді. Мысалы, Наурыз мейрамынан қасиетті заман, өмірге келу, өсіп шығу, мәдени қаһарман, тазару элементі сияқты мифологиялық қырлар байқалады. Ирандық данышпан Омар Хаям өзінің «Наурызнама» атты кітабында наурыз күн тізбегінің негізін Жәмшид қалады деп, аты аңызға айналған осы қаһарманның ізін тарихи рауаяттарға түсіреді. Олар Наурызды көктемнің алғашқы күні деп біліп, оның келуін егжей-тегжейлі символикалық рәсіммен тойлайды. Осы көзқарас бойынша, табиғаттың өмірі ирандықтар үшін ерекше маңызға ие болған.
Көктемнің бұл айын ирандықтар Фавардин атап кеткен. Жаңа жыл кірмес бұрын ирандықтар жасамық, бидай сынды дәнді дақылдарды өсіріп, солардың өскінімен үйлеріне әшекей жасайды. Бұл – үйден тоқшылық кетпесін дегені. Сондай-ақ, өсіп-өркендеудің нышаны іспетті. Дәнді-дақылдардың өскіні үйде 13 күн тұрып, содан кейін өзенге тасталады.
Бұл елде де ескі жылдың ақырғы сәрсенбісі – ерекше күн. Сәрсенбінің сәтінде Иран жұрты үлкен от жағады. «Бәле-жала шаңырағымнан, ауру-дерт бойымнан кетсін» деп оттың үстінен секіреді. Сонымен қатар жаңарудың белгісі ретінде бұл күнде қандай да бір жаңа киім алуы міндетті екен.
Ирандықтар Наурыз мейрамының тағамын жеті жаңғақ түрлерінен жасайды. Бұл ас түрімен бірге дастарқанға Құран қойылады. Бұл дін беріктігінің нышаны болар.
Ирандықтар «хафт син» әзірлейді. Бұл кейбір елде «хафт шин» деп те аталады. Бұл тағамды сарымсақ (медицина белгісі), алма (әдемілік пен денсаулықтың белгісі), аскөк (табиғаттың жаңаруы), зәйтүн (махаббат белгісі), сірке суы (қайырымдылық пен төзімділік), нан (жетістік пен табыс) және жемістің бір түрі сумахты қосу арқылы дайындайды.
Жаңа күн туғанда ел ақсақалдары жасы кіші балаларға күміс немесе алтыннан жасалған тиын табыс етеді. «Аиди» деп аталатын бұл дәстүр келер ұрпақ аталарының жолын қуып, жасына-жас қосылып, үбірлі-шүбірлі болсын дегенді білдіреді.
Ирандықтар көктем мерекесін «Жаңа жыл мерекесі» деп атайды. Бұл мереке 13 күн бойы үздіксіз тойланады. Алғашқы бес күнінде алыс-жақындардың үйіне қонаққа барып, қыдырады. Мерекенің 13- күнінде көпшілік таза ауаға шығып, серуендейді. Наурыз қарсаңында үй-іші тазартылады. Ирандықтар жаңа жылды жаңа киіммен қарсы алуы тиіс.

Татарстан мен Башқұртстан

Ұлттық тағамдарға толы үлкен дастархан басына алыс-жақын ағайындар бас қосып, бір-бірлеріне жақсы тілектер айтып, жыл басын бірге қарсы алады. Наурызда мерекелік іс-шаралар өткізіліп, ұлттық ойындар ұйымдастырылады.

Ауғанстан

Наурыз мерекесі Ауғанстанда 21 наурыз күні түнгі бірде бас¬талады. Жаңа жыл келісімен, түнгі бірден күндіз түске дейін ешбір адам сыртқа шықпайды. Себебі, үйден шыққан адам жаңа жылдық берекеден құр қалады деп саналады. Сондықтан халық мерекені үйде отырып күтіп алады. Бұл күнде жылауға, ашулануға, баланы жазалауға болмайды. Мереке келісімен, жаңа киімдер киіліп, ескі заттар тасталады, үй мен көшелер тазаланып, сыйлықтар үлестіріледі. Иран елі секілді дастарханға Хафт-син тағамдары қойылады. Соны¬мен қатар дастарханға жеті түрлі же-міс-жидек пен жаңғақ, тәт¬тілік¬¬тер қойылады. Әрбір үйде жұмырт¬қалар қайнатылып, түрлі түске боялады, бұл келер жылы жамандықтан аулақ болу мен тоқ¬шылықты білдіреді. Ал алаң¬дарда ұлттық ойын түрі «пах-лавани» яғни көкпар ұйымдастырылады.
Наурыз мерекесі түрліше аталып өтілгенімен, олардың мағы¬насы мен мәні үндес болып келеді. Әрбір елде Наурыз мей¬рамы – ұлттық ас мәзірін дайын¬даумен, ұлттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырумен, жоғары деңгейде атап өтумен ерек¬еленеді. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасасақ наурыз – қамқорлықтың, мейірімнің айы. Бұл мейрамды ізгі тілек, ізетті қамқорлықпен қарсы алу парызымыз. Наурыз мейрамы де¬геніміз – ошақтың үш бұ¬тындай болған ұлыстың кем-кетігін толтыру, аш-жалаңашын тойындыру, қамқорлық таныту.

P.S. Осындай ортақ мерекені қарақалпақ жұрты, қырым татарлары, башқұрттар, Солтүстік Кавказ елі, тіпті Қытайды мекен еткен түркі- тілдес шағын ұлттар да тойлайды. Бұл күндері аты аталған елдерде жеті түрлі қоспадан тұратын көже немесе басқа да тағам түрлері дайындалып, шама-шарқы жеткенше той жасап, мерекелік іс-шаралар өткізеді. Байқағаныңыздай, Наурыз мейрамы Еуразия құрлығын мекен еткен біраз елдер үшін жат емес. Барлығы да Наурызға ұлық мереке деп, үлкен мән берген.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"