«Мызғымас бауырластық – 2018» оқу-жаттығуында бірлескен іс-қимылдар пысықталды

Екатеринбургтағы Свердловск оқу-жаттығу орталығының полигонында «Жауынгерлік бауырластық – 2018» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының үшінші кезеңі болып табылатын ҰҚШҰ-ның бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық – 2018» бірлескен оқу-жаттығуы өз мәресіне жетті.

Оқу-жаттығуда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің намысын Құрлық әскерлерінің басшылығы, қазақстандық бітімгершілік полктің әскери қызметшілері мен десанттық-шабуылдау әскерлері басқармасының офицерлері қорғады. Өткізілген оқу-жаттығу барысында 6 елдің бітімгершілері краут-бақылау, жұртшылықты тыныштандыру, блок-бекетті қоршау, босқындарға ілесіп жүру, жүктерді айдауылдау, жаяу және мобильді тәртіппен патрульдеу жөніндегі іс-шараларды орындады. Одан басқа, оқу-жаттығу қатысушыларына бірлескен жауынгерлік тапсырмаларды орындаудан басқа мини футболдан турнирдегі спорттық жетістіктер көрсетілді. Онда ҚР Қарулы Күштерінің командасы екінші орынды иеленді. Оқу-жаттығудың басшылығы қазақстандық бітімгершілердің дайындығына жоғары баға берді. Оқу-жаттығуға барлығы 1300 адам қатысты, 300 бірлік әскери техника және 20 бірлік әртүрлі әуе кемелері, оның ішінде, ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды. Оқу-жаттығуға сондай-ақ Қызыл Крест халықаралық комитетінің өкілдері қатысты.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"