Мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны басталады

«Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа босату және 2019 жылғы наурыз – маусым және қыркүйекте мерзімді әскери қызметке Қазақстан Республикасының азаматтарын кезекті шақыру туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 13 ақпандағы №840 Жарлығына сәйкес а.ж. 1 наурыздан бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны басталады.

Осы жылдың көктемінде мерзімді әскери қызметке кейінгі қалдырылуға немесе шақырылудан бсоатылуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 16 мыңнан аса азаматты шақыру жоспарланған. А.ж. 1 наурыздан бастап ҚР Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бөлімшелерін жас толыммен жасақтау бойынша шақыру және медициналық комиссиялары жұмысқа кіріседі. Әскери бөлімдер бойынша шақырылушыларды іріктеу және бөлу кезінде алдын ала зерделеу нәтижелері мен шақырылуға дейінші алған білімдері ескеріледі. Жасақтау эксаумақтық қағидат бойынша жүзеге асырылады. Шақыру мен медициналық куәландыруды өткізу тәртібі туралы шақыру науқаны барысында туындаған мәселелерді азаматтарға түсіндіру үшін   8 (7172) 72-14-20 және 72-16-06 телефондары арқылы «қауырт желі» ұйымдастырылатын болады.



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"