Мерейлі мейрамды атап өтті

Мерейлі мейрамды атап өтті

Қазақстан Қарулы Күштеріне қарасты барлық әскери құрамалар мен бөлімдерде ҚР Тәуелсіздігі күнін мерекелеу аясында айтулы күнге орай салтанатты іс-шаралар өтті.

«Егеменді Қазақстанның жетістіктерін қорғауда Қарулы Күштері маңызды орынға ие. Тәуелсіздік жылдарында Жоғарғы Бас қолбасшымен саны жағынан ықшам, бірақ, ұтқыр және жауынгерлік қабілетті армия құруға бағыт іске асырылды. Заманауи техника мен қару-жарақ, кәсіби тұрғыдан дайындалған әскери қызметшілер, патриотизм мен әскери борышқа деген адалдық Қарулы Күштердің ажырамас бөлігіне айналды. Бүгінде Қарулы Күштері миллиондаған қазақстандықтардың бейбіт заманда еңбек етуіне мүмкіндік жасауда және тәуелсіз мемлекеттің ажырамас атрибуты болып табылады», - деді өзінің құттықтауында Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев.

Тәуелсіз күнін мерекелеу қарсаңында ерекше көзге түскен 30-дан аса әскери қызметшіге мемлекеттік наградалар табыс етілді. Бірқатар әскери қызметшілерге Қорғаныс министрінің бұйрығымен кезекті, оның ішінде, мерзімінен бұрын әскери атақтар берілді. Одан басқа, салтанатты жиналыстарда үздік әскери қызметшілер грамоталармен және естелік сыйлықтармен көтермеленді. Ағымдағы жылғы 14 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Ақордадағы салтанатты қабылдауда Елбасы, ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Назарбаев әскери міндетті үлгілі орындағаны үшін Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мүсілім Алтынбаев пен ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосановты марапаттағанын айта кеткен жөн.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги Вооруженных Сил РК в 2018 году

Итоги Вооруженных Сил РК в 2018 году