Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл толуына орай 35748 әскери бөлімінің спорт комитетінің ұйымдастыруымен 35748 әскери бөлім спорт кешенінде шағын футболдан жарыс өткізілді.
Оған 14 командадан 100-ден астам адам қатысты. Жарыста әрбір команда мен әскери бөлім қызметкерлері өз шеберліктерін барынша көрсете алды. Нәтижесінде аға лейтенант Д.Әжібаев «үздік қақпашы», ефрейтор Х.Османов «үздік қорғаушы» атанды. Ал қатардағы жауынгер Н.Жұмаш «үздік ойыншы» деген атқа лайық деп танылып, сержант М.Ақжолов «үздік шабуылшы» номинациясына ие болды.
Сондай-ақ, командалар арасында үздіктер анықталды. Жеңімпаздар гарнизон бастығы полковник Асхат Абдуваитовтың қолынан командирдің кубогымен, диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Р.ДӘУЛЕТОВА
35748 әскери бөлімі ҚР ҚК қызметкері