Мереке қарсаңында мемлекеттік наградалар тапсырылды

Мереке қарсаңында мемлекеттік наградалар тапсырылды

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев кеше жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер мен мемлекеттік наградалар тапсыру рәсіміне қатысты.

Рәсімге қатысушыларға арналған сөзінде Елбасы Қазақстанда Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күнін мерекелеудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

– Мен бүгін Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде жоғары әскери және арнаулы атақтар, сондай-ақ қызметтегі жетістіктері үшін мемлекеттік наградалар тапсырамын. Осындай жоғары марапатқа еліміздің бейбіт өмірі мен тыныштығын сақтайтын әскеріміз бен арнаулы қызметтердің үздік өкілдері ие болып отыр, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемде белең алып келе жатқан тұрақсыздық жағдайында мемлекеттің әскери-күш саласы ерекше маңызға ие болатынын айтты.

– Біздің әскеріміз бен құқық қорғау құрылымдарымыз ел қауіпсіздігінің берік қалқаны әрі егемендігіміздің мызғымас кепілі болып саналады. Мемлекет барша қазақстандықтардың бейбіт өмірі мен тыныштығын сақтау жолындағы сіздердің ерліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өскелең ұрпақты тәрбиелеу ісінде әрбір әскери қызметшінің зор рөл атқаратынын атап өтті.

– Жауынгерлер әрдайым Отан үшін отқа түсуді парыз санаған. Бұл – жәй сөз емес. Біз мұны Ұлы Отан соғысы тарихындағы ерлік істерден және ата-бабамыздан қалған мұралардан білеміз. Әрқашан осылай болған және бола береді. Еліміз өз армиясы мен құқық қорғау органдарын бағалап, құрмет тұтады, сондай-ақ сіздерді адал әрі қалтқысыз қызмет етеді деп сенеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Соңында Мемлекет басшысы салтанатты шараға қатысушылардың барлығын Отан қорғаушы күнімен және Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтады.

Рәсім барысында ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен – М.Таласов, М.Құсайынов, М.Сатов, Қ.Жақыпбаев, І дәрежелі «Айбын» орденімен – Д.Кұрмашев, А.Төлеуов, II дәрежелі «Айбын» орденімен – Ж.Жақыпов, А.Калинин, Д.Пластовец, «Құрмет» орденімен – Э.Омарова, «Ерлігі үшін» медалімен – Ғ.Әлеуханов, В.Калмыков, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен – Н.Залмұқанов марапатталды.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги "KADEX - 2018"

Итоги "KADEX - 2018"