Мемлекеттік тілді білуге деген құлшыныс

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қоғамдық сананы жаңғырту мақсатында бірқатар мәдени іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Осындай іс-шаралардың бірі ретінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінде сайыс түрінде өткізілген ашық сабағын айтуға болады.
Аталмыш ашық сабаққа Қорғаныс министрлігіндегі мемлекеттік тілді үйренуші әскери қызметшілерден құралған «Бірлік», «Ынтымақ» және «Достық» командалары қатысып, өзара бақ сынасты.
Олар Наурыз жөніндегі сұрақтарға тез әрі шапшаң жауап беру, мақал-мәтелдерді суретке қарап тауып айту және мақалды үзілген жерінен іліп әкетіп жалғастыру, сондай-ақ үш тілде, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде латын графикасымен берілген жаңылтпаштарды оқу бойынша сайысқа түсті.
Ашық сабақтың соңы қазақ халқының «Тұсау кесу» дәстүрі туралы сахналандырылған көрініске ұласып, тіл үйренуші өзге ұлт өкілдері өздерінің қазақ тілінде таза сөйлей білетіндіктерімен қатар, шешендік шеберліктерін де паш етті. Командалардың білімін, өнерін саралап әділ бағасын берген әділқазылардың шешімімен «Ынтымақ» командасы жеңімпаз атанды. Сайысқа қатысқан командалардың барлық мүшелері естелік бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Ашық сабақтың қорытындысы бойынша Байланыс бас басқармасының офицерлері подполковник А.Шушаков пен капитан Д.Халиков, Кадрлар және әскери білім департаментінің офицері подполковник А.Қалымов, Ақпарат және коммуникациялар департаментінің офицері капитан М.Красницкий, Стратегиялық жоспарлау департаментінің әскери қызметшісі 3 сыныпты сержант А.Петрова, 26363 әскери бөлімінің әскери қызметшісі сержант
Л. Адамович және 65235 әскери бөлімінің қызметкері А.Еркинова мемлекеттік тілді үздік меңгерген әскери қызметшілер болып анықталды.
Майор Ғабит БАЙМҰХАНОВ
ҚР ҚМ ӘД МТДБ бөлімінің аға офицері
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"