Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери дайындық жағдайы, сондай-ақ, Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы мәлімет берілді. Соның ішінде Қазақстан Президентіне қала аумағындағы оқ-дәрі қалдықтарын іздеу, тазарту шаралары, сондай-ақ, Арыстағы әскери қалашықты қалпына келтіру жұмыстары жөнінде баяндалды.

Қорғаныс министрінің айтуынша, бүгінге дейін әскери қоймалардан үш мың тоннаға жуық оқ-дәрі қауіпсіз жерлерге шығарылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыс салдарын жою және оқ-дәрілерді шығару жұмыстарының уақтылы атқарылуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, қаза болғандарды, құтқару және қалпына келтіру жұмыстары кезінде ерекше көзге түскен әскери қызметшілер мен тиісті қызмет өкілдерін марапаттауды тапсырды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына кезеңдерінің бір бөлігі Қазақстан аумағында өтетін алдағы әскери ойындарға дайындық барысы туралы мәлімет берілді.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи